Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлы құжаттың 20 түрі бар: Банк ЦентрКредит өз қосымшасында eGov қызметін іске қосты

Цифрлы құжаттың 20 түрі бар: Банк ЦентрКредит өз қосымшасында eGov қызметін іске қосты

Қазақстандықтар былтырдан бері құжаттарын өзімен бірге алып жүрмейтін болды, себебі қағаз құжаттарды электронды түрімен алмастыруға мүмкіндік алды. Әсіресе бала күтімімен үйден шыға алмай отырған аналар жәрдемақыға өтінішті онлайн беру мүмкіндігін пайдаланып үйренді. Қызметтің бұдан өзге түрлерін де қолдану үшін цифрлық платформалар ресми құжаттарды онлайн қолдануға болатын мүмкіндіктерді қарастыра бастады. Енді бұл топқа ресми түрде Банк ЦентрКредит те қосылды. stan.kz назарларыңызға ВСС.KZ мобильді қосымшасында қолжетімді цифрлы қызмет түрлерін ұсынады.
Бұрын цифрлық құжаттарды тек eGov Mobile қосымшасы арқылы пайдалануға болатын. Енді цифрлы құжаттар қазақстандықтар үшін ВСС.KZ мобилді қосымшасында қолжетімді.
Ендеше қандай қызметтерді осы қосымшадан алуға болады? Төменде жазып көрсеттік.
Олардың ішінде: Цифрлы құжаттар, Шетелдік автокөлікті заңдастыру, Автокөлік иелерінің тарихы, Жанармай картасы, Жәрдемақы (туған және бала күтімі бойынша) қызметтері бар. ВСС.KZ-ке кіре салғанда бұл құжаттарды “Мемлекеттік қызметтер” бөлімінен табуға болады.
Цифрлық құжаттар
Осы кезге дейін тұтынушылар банкке келгенде өз құжаттарын көрсету үшін түпнұқасын өзімен бірге алып жүру керек болған не өзге қосымшаларды қолданып келген. Ал енді барлық қажеттіні бір қосымшадан табуға болады. Ол үшін BCC.KZ мобильді қосымшасындағы "Менің құжаттарым" бөліміне кіріп, "Цифрлы құжаттар" қызметін пайдалануға болады. Бұл қызметті Цифрлық Даму министрлігі ұсынған.
Қазіргі таңда жүйеде Цифрлы құжаттардың 20 түрі берілген. Егер сізден қандай да бір сервисті қолдану кезінде құжаттарды сұраса, жүйеге кіріп, кодты оқыту арқылы құжатты электронды нұсқасымен бөлісуге немесе жай ғана көрсетуге болады.
Цифрлық құжаттар интеграция жолымен алынған және уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде көрінеді.
Цифрлық құжаттарды қалай жүктеуге болады?
BCC.KZ қосымшасында цифрлық құжаттарды сақтауға келісімім беру қажет.
Бұл құжаттар тек жеке тұлғаның өзіне қолжетімді. Үшінші тұлғалар мен банк қызметкерлері цифрлық құжаттарыңызды көре алмайды.
Жәрдемақы рәсімдеу
Соңғы уақытта дәл осы қызмет түріне сұраныс қатты артқан. Мысалы, 2021 жылы осы қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алғанда – 344 134, eGov.kz арқылы – 144 751, "1414 нөміріне” смс жіберу сервисі арқылы 200 мыңнан аса өтініш келіп түскен.
Жәрдемақы алу үшін балаңыз қырқынан шыққанша, үйден шықпай-ақ онлайн өтініш бересіз. Ол үшін: ВСС.KZ мобильді қосымшасындағы Мемлекеттік қызметтер бөліміне кіресіз, жеке ақпарат алуға және жинауға рұқсат бересіз, "Бала туылуына байланысты жәрдемақы" бөлімін таңдаңыз. Биометриялы тексеруден өтіп, келісімшартпен танысып алыңыз.
Өтініш берілгеннен кейін мемлекеттік ұйымнан тұтынушыға PUSH-хат пен өтініш қорытындысы жайлы SMS келіп, сіз алуға тиісті қаржы белгілі болады. Қызметті бала бір жасқа толғанға дейін қолдануға болады.
Айта кетейік, егер сіз жәрдемақы алу мүмкіндігіне ие болсаңыз, Банк ЦентрКредиттен әлеуметтік шот ашып, ақшаны цифрлық әлеуметтік карта арқылы жұмсай аласыз. Ал пластикалық карта керек болса, банктың өзіңізге жақын бөлімшесіне баруыңыз қажет. Пластикалық карта шығарған кезде сіздің шот нөміріңіз өзгермейді, цифрлық әлеуметтік картадағы нөмір қалады.
Егер сізге жәрдемақыға өтініш беру үшін "Халыққа қызмет көрсету орталығына келу керек деген жауап келсе, сіздің құжаттарыңыздың мерзімі өтіп кеткен немесе баланың туу туралы куәлігі дайын болмауы мүмкін. Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарыңызды реттеп алғаннан кейін өтінішті қайта жіберіп көре аласыз.
Автомобильге иелік ету кезеңі
Қызметтің бұл түрін қолданып, сіз, мысалы, сатып алғыңыз келген көлігіңізге қатысты барлық ақпаратты біле аласыз: автокөліктің кімдердің иелігінде болғанын, оның арестке немесе кепілге қойылғанын тексеру.
Бұл қызметті пайдалану үшін автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі мен транспорттың тіркелгені туралы куәлік нөмірі болуы керек. Егер бұл автокөлік туралы ақпарат бар болса, сервис оның маркасы, шыққан жылы, қозғалтқышының күші, бояуы, бастапқы тіркелген кезеңі, кепілге қойылғаны, иелік ететін адамдардың болуы, газдың орнатылуы сынды ақпараттарды тауып береді. Бұдан бөлек, Қазақстанда тіркелген уақыты, иелік ететін адам кім екені, тіркелген облысы мен статусын анықтайды.
Жанармай картасы
Біздің елде дизель отынының құны мемлекеттік бақылауға алынған. Оны жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. BCC.KZ-тің жанармай картасын иелігінде автомобиль бар кез келген азамат қолдана алады. Бұрын жанармай бекеттерінде дизель отынын алу үшін құжаттардың қағазға шығарылған нұсқасы керек болатын. Ал қазір тек BCC.KZ қосымшасы ғана керек.
Қызметті пайдалану үшін қосымшаға ЖСН-мен тіркелсеңіз, ол арқылы жүргізуші куәлігінің нөмірі немесе мемлекеттік нөмірін жүйе өзі анықтап алады. Осыдан кейін виртуалды Жанармай картасын алуға болады.
Картаны қолдану үшін қызмет көрсету орнына барып, картаның нөмірін айтып немесе QR-ды, SMS-кодты көрсету керек. Осы арқылы сіз дизель отынын жеңілдікпен 230\260 теңге аралығындағы қаржыға ала аласыз. Егер сіз жеңіл көлікпен жүрсеңіз, сізге бір айда 100 литр дизель жеңілдікпен беріледі. Ал егер ауыр техника түрімен, автобус, жүк көлігімен жүрсеңіз бір тәулікте 300 литрді жеңілдікпен аласыз.
Шетелден келген көліктерді заңдастыру
Қосымша арқылы алуға болатын тағы бір қызмет - автокөлікті заңдастыруды тексеру. Басты талап – көліктер 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі тиіс. Қызметті 3 кезең арқылы алуға болады:
● Көлікті заңдастыруға алдын ала тексеру;
● Халыққа қызмет көрсету орталығындағы ақпаратпен салыстыру;
● Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жіберу.
Бастапқы кезеңде көлікті заңдастыруға рұқсат бар-жоғын біліп алу үшін BCC.KZ мобильді қосымшасындағы "Мемлекеттік қызметтер" бөліміне өтіп, "Шетелдік автокөлікті заңдастыру" қызметін таңдап, жеке куәлік, Қазақстандағы тұрғылықты мекенжаймен автокөліктің техпаспортын көрсету арқылы көліктің заңдастырылғанын тексеруге немесе заңдастыруға өтініш беруге болады. Егер заңдастыруға рұқсат келсе, төрт күн ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш, жеке куәлік, көліктің техпаспорты, көлікті сатып алу туралы құжат алып барып қажетті қаражатты төлеу қажет.
Атап өтерлігі, заңдастыруға өтініш бергенде автокөлік жеткізілген елде оның ресми тіркеуден шығарылғанын анықтап алған абзал.
Айта кетейік, мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын цифрлық құжаттар қызметі қағаз жүзінде ұсынылатын құжаттармен бірдей.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия
26 сәуір 2023 ж. 153 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 66

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 116

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 125

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 89

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031