Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық - індет, жою - міндет

Жемқорлық - індет, жою - міндет

Сыбайлас жемқорлық – тәуелсіз Қазақстанның, бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселелерінің бірі. Негізі «сыбайлас жемқорлық», «пара» деген ұғымдардың астарын ашып, мән-мағынасына үңілер болсақ, бұл ұғымдар сонау сан ғасыр, сан мың жылдар бұрын пайда болғанын тарих дәлелдейді.
Пара – бұл тек ресми қылмыс ғана емес, сыбайлас жемқорлықтың типтік көрінісі болып табылатын ең қауіпті және кең таралған құбылыс. Бұл қылмыстың мәні тек қана ақша емес, құнды қағаздар, басқа да мүліктер, сондай-ақ әртүрлі жеңілдіктер  және материалдық сипатта болады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы – қоғамдағы жемқорлық жайын назардан тыс қалдырмаған тұлғалардың бірі.Ұрды, соқты, талады, пара алды деп,Қор боларсың өтірікке есің шығып – деген жолдар арқылы да Абай өлеңдерінің өзегі болған тақырып – сыбайлас жемқорлық екенін байқай аламыз. Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ. Біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз, экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл-ауқатын төмендетеді. Мұның бәрі халықтың үкіметке сенімін жоғалтуына қауіп төндіреді. Әр адамзат өз бойында адалдық, әділеттілік, берілген тапсырмаға бағыну, кез келген құқық бұзушылықтан қаша білу, проблемаларды шеше білу, адам құқықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүдделері сияқты моральдық және психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.
Е.ҚАНАТОВ, 
Қазалы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы 
25 сәуір 2023 ж. 553 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930