Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне түзету жобасын әзірледі, деп хабарлайды egemen.kz.
Түзетулер Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы мен жалақысын өсіру мақсатында әзірленген.
Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 27 799 880 мың теңге қаражат қажет.
Сондай-ақ «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығына бірқатар өзгеріс енгізіледі.
Жоба 2023 жылдың 5 мамырына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
2023 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан үкіметі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізді. Нәтижесінде аталған санаттағы қызметкерлердің жалақысы өсті.
20 сәуір 2023 ж. 260 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 84

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 144

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031