Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жергілікті бюджеттен де сыйақы төленбек

Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жергілікті бюджеттен де сыйақы төленбек

Құжат авторы - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеті есебінен үстемеақы мен материалдық көмек мүмкіндігін көздейтін үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Құжат авторы - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жоба үкіметтің "азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысына өзгерістер енгізуді ұсынады.
Құжатта мемлекеттік басқару органдарына қандай құқық берілетіні айтылған:
ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;
қызметкерлерге кесімді еңбекақысын төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту;
жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығы беріледі. Аталған үстемеақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды..
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құжат талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
22 сәуір 2022 ж. 580 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 599

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 041

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031