Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Терроризм актісі туралы хабарлағандарға қанша сыйақы төленеді

Терроризм актісі туралы хабарлағандарға қанша сыйақы төленеді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының терроризм актісінің алдын алуға немесе оның жолын кесуге көмектесетін ақпарат ұсынған адамдарға сыйақы беру туралы бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды inform.kz.
«ҚР Ұлттық қауіпсіздік немесе ішкі істер органдарына терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға ҰҚК немесе оның аумақтық органдары сыйақы төлейді», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.
Біржолғы сыйақы мына мөлшерде белгіленеді және төленеді:
- ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша -750 АЕК (2 587 500 теңге);
- ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 1 000 АЕК (3 450 000 теңге).
Құжатта көрсетілгендей, сыйақы ақпаратты хабарлаған адамның мәліметі дәлелді және ол кінәлі адамға нақты қатысты болса ғана төленеді.
Бұйрық жобасы 4 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.
20 сәуір 2023 ж. 252 0

Балаларға шаттық сыйлаған күн

28 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031