Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жарылғыш зат қойылды": Жалған хабарламалар таратудың салдары қандай?

"Жарылғыш зат қойылды": Жалған хабарламалар таратудың салдары қандай?

Құзырлы орган жалған шақырту бойынша 1 рет шыққанда 200 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін қаражат жұмсалатынын айтты.ІІМ берген мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы тәртіп сақшылары жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаларды тексеруге 140 рет шыққан.
2021 жылы Қазақстанда терроризм актісі туралы жалған хабарламаның 88 фактісі, биыл 101 дерек тіркелді. Басым көпшілігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орын алған, деп жазады inbusiness.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
"Жарылғыш зат қойылды" деген жалған хабарламалар көбінесе білім беру мекемелері, сауда ойын-сауық орталықтары, елшіліктер, банктер және т.б. мекемелерге қатысты таратылады екен.
"Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама – бұл қоғамдық тәртіпке кері әсер ететін қауіпті қылмыстардың бірі. Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама түскен үшін 15 млн теңгеге жуық айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады. Сондықтан келіп түскен осындай барлық ақпарат бойынша жедел қызметтер міндетті түрде оқиға орнына барады. Адамдар сыртқа шығарылады. Ғимарат мұқият және жан-жақты тексеріледі. Жарылғыш затты іздеу және оның салдарын болдырмау үшін кезек күттірмейтін шаралар қабылданады", - деді ІМ өкілі.
Алмас Талқанбаев осыған дейін орын алған жағдайларда жарылғыш заттар туралы ақпарат расталмағандығын айтады. Ол терроризм актісі туралы жалған шақыртуларға 1 рет шыққанда 200 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін қаражат жұмсалатындығын да атап өтті. Бұдан бөлек ірі кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалған жағдайларда сағатына миллиондаған теңге көлемінде зиян келеді екен.
"Мұндай қоңырауларды адамдар еріккеннен, әзіл ретінде немесе мас күйде жасайды. Себептері де әртүрлі: кек алу, бұзақылық, мекеменің жұмысына кедергі келтіру, мектептегі сабақты болдырмау, құқық қорғау органдарының жұмысын тексеру. Кәмелетке толмағандар мұндай қылмысқа не үшін барады? Олар достарының арасында өзін батыр етіп көрсеткісі келеді. Кейбірде үй тапсырмасын орындамағандықтан, сабаққа қатыспау үшін осылай істейді", - деді ІІМ өкілі.
Егер кәмелеттік жасқа толмаған балалар жарылғаш заттардың қойылғаны туралы жалған хабар таратса, ауыртпалық ата-анаға түседі. Олар баласының "әрекеті" үшін шығынды өтейді.
Айта кетейік, жыл басынан бері жалған хабарлама таратқан 11 адам сотталып, оның ішінде алтауы бас бостандығынан айырылған.
31 тамыз 2022 ж. 217 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 82

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930