Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Диқандар дала жұмысына дайын

Диқандар дала жұмысына дайын

Диқаншылықты кәсіп етіп, несібеге айналдырған қазалылықтар «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген халық мақалының мәнін терең ұққан. Көктем шығысымен жер ананың бабын келістіріп, мол өнім алуды алға мақсат етіп қояды. Биылда дәстүрден жаңылмай, ерте көктемнен егістіктегі ттіршілігі басталып кетті.
Егіншілкті дамыту – бүгінгі күннің алға қойылған маңызды міндеттердің бірі. Аталған сала өркендесе өңіріміздің, тұтастай еліміздің экономикасына қосар үлесі орасан. Осы орайда биыл аудан бойынша 17 612 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 7286 гектар жерді алмақ. Оның ішіне күріш, жаздық бидай, арпа, тары бар. Майлы дақылдар күнбағыс пен мақсары 65, картоп, көкөніс, бақша 2250, мал азықтық дақылдар – жаңа жоңышқа, ескі жоңышқа, сүрлемдік жүгері 8 011 гектарға егіледі.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері биылғы егісі үшін тұқыммен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Шаруашылықтар тұқым сорттарын жаңарту мақсатында 967 тонна күріш және 5 тонна жоңышқа, 15 тонна жүгері тұқымын алу үшін қажетті келісімдерге отырған.
Минералды тыңайтқыш пен гербицидтер егістікке жан беріп, жұмысты жандандыра түсері анық. Шаруашылықтардан жиналған мәліметтер бойынша, биыл 3766 тонна тыңайтқыш, 4116 литр гербицид қажеттігі анықталған. Бүгінгі күнге 2403 тонна тыңайтқыш және 1020 литр гербицид жеткізілген. Тиісті сала мамандарының айтуынша, гербицид жеткізушілермен алдын-ала келісімшарт жасалынып, қажетті кезеңге дейін толық алынады.
Егіс кезінде техниканың тұралап қалмауы аса маңызды. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарында іске кірісетін 292 ауыл шаруашылығы техникасы жөндеуден өтіп, дала жұмыстарына сақадай-сай тұр. 118 трактор, 46 соқа, 32 тұқым сепкіш, 42 автомашина, 54 трактор тіркемесі күн-түн демей, дархан дала төсінде тер төгетін еңбеккерлердің шаруасы сәтімен бітуіне септігін тигізбек.
– Көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдікпен 979 тонна дизель отыны бөлінді. Қазір оның 346 тоннасы, яғни, 35,3 проценті алынды. Өткен жылдың күз айларында шаруашылықтар өз күшімен 52 шақырым су жүйелерін тазартты. Үстіміздегі жылы «Қазсушар» РМК тарапынан Сақыбай каналының 4,5 шақырым, Құмаша каналының 1,3 шақырым және Жайқонақ каналының 1 шақырым қазылды. Аталған жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы құрылымдары 19,3 мың текше метр су жолдарын қамыстан тазарту жоспарланып, қазіргі таңда шаруашылықтар бойынша барлығы 18,6 мың текше метр су жолдары қамыстан тазартылды.
Аудан бойынша ерте басталатын ақ егіс егу жұмыстарына шаруашылық құрылымдары наурыз айының 25-нен бастап, кірісті, – деді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімініңбасшысы Еркін Сейітов.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
15 сәуір 2023 ж. 221 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 74

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 123

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 130

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 93

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031