Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еселі еңбек жемісі

Еселі еңбек жемісі

Көктем айынан басталған еселі еңбектің жемісін күз айында көрген қазалылықтар мәз-мәйрам. Ауыр бейнеттің өз қайыры бар деген осы. Соның арқасында диқандар қамбаны дәнге толтырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын ысырапсыз тез, қолайлы да, қысқа мерзімде жинады. Оны қоймаға тасымалдау, сақтауға не сатуға әзірлеу жұмыстары да жүзеге асып жатыр.
Биыл аудан бойынша 17402 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты. Дала еңбеккерлерінің арқасында алға қойылған меже толық орындалды. Оның ішінде дәнді дақылдар 6772, майлы дақылдар 263, картоп, көкөніс, бақша өнімі 2364, мал азықтық дақылдар 8003 гектарды құрады. Негізгі егістік – күріштің көлемі 6361 гектарға жетті.
Техника дайындығына орай алдын ала әзірлік жұмыстары атқарылды. Сонымен егін орағына 285 дана техника қатысты. Атап айтқанда, 42 комбайн, 29 жатка, 115 трактор, 40 жүк көлігі және 59 трактор тіркемесі бар.
– Әрине техникалар адам күшімен жүргізіледі. Ауданда небір мықты сала мамандары бар. Осы өз ісінің майталмандарының арқасында күріш орағына шетелдік сапалы, заманауи техникалар тартылды. Олардың қатарына жатка мен комбайынның 24 данасы қосылды. Яғни Джон-Дирден – 8, Класстан – 7, 8-і Магдон және 1-і Торум болды. Осы машиналардың көмегімен егін тез әрі шығынсыз жиналды, – дейді Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай.
Оның айтуынша, шаруашылықтар бойынша егін жинау науқанына қатысатын техникаларға қажетті қосалқы бөлшектер мен қою май және жағар май қорлары жеткілікті көлемде қамтамасыз етілуде. Бұған орай есеп берген басшы күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан кепілді бағамен барлығы 970 тонна дизель отыны бөлінгендігін жеткізді. Сондай-ақ 633 тонна дизель отыны алынған.
Осы жылы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Бір қуантарлығы, бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары.
Нақтыласақ, 303 гектар бидайдан 114,9 тонна өнім алынса, 78 гектар арпа дақылынан 20 тонна өнім жиналды. Мақсарыдан 248 гектар барлығы 46 тонна, 15 гектар күнбағыстан 24 тонна, 30 гектар тарыдан 66,8 тонна өнім шығарылды.
Сондай-ақ биыл егілген 970 гектар көкөністен 13580 тонна өнімге қол жеткіздік. Бұдан бөлек 1064 гектар бақшадан 16386 тонна 330 гектар картоптан барлығы 4851 тонна өнім жиналды.
Аудан бойынша 6361 гектардан күріш толығымен жиналып, ел қамбасына 24171 тонна астық құйылды.
2022 жылы орын алған су тапшылығына қарамастан аудан дихандарының мол тәжірибесімен және ала жаздайғы маңдай терлері мен жауапкершілігі арқасында күріш өндірісін табысты аяқтады.
Мал азығын дайындау барысында 102 мың тонна шөп әзірленді. Бүгінгі күні 95 мың тонна мал азығы дайын тұр.
Күтімге алынған 4291 гектар жоңышқаның екі орымынан жақсы мал азығы орылып, 12636 тонна шөп шықты. Шаруашылықтар 2023 жылдың егісі үшін өз өнімінен 1750 тонна күріш, жоңышқа 32 және 4,2 тонна мақсары тұқымдарын сақтап қойды.
Сондай-ақ 41 тонна жаздық бидай және 18 тонна сүрлемдік жүгері дақылының тұқымдарын сырт мекемелерден сатып алу жоспарлануда. Келесі жылдың егісі үшін 1730 гектар сүдігер көтеріліп, аталған жұмыстар жалғасуда.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
08 қараша 2022 ж. 409 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 81

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 54

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 88

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031