Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Топтық төбелестің алдын алу мақсатында кездесулер өтті

Топтық төбелестің алдын алу мақсатында кездесулер өтті

Бүгін аудан орталығындағы бірқатар білім беру орындарында топтық төбелестің алдын алу мақсатында «AMANAT» партиясынан сайланған облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе мектеп оқушыларымен, ата-аналармен және ұстаздармен кездесу өткізді.
Кездесулерде өткен аптада ауданымызда орын алған оқыс оқиға бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелестің алдын алу, жолын кесу сонымен қатар құқық бұзушылыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу бағыттарында түсіндірме жұмыстары жасалды.

Сондай-ақ, топтық төбелестің алдын алу бойынша ауданда жұмысшы топ және қоғамдық тәртіпті бақылауға құрылған түнгі рейдтік топтар тиісті жұмыстар атқарып жатқандығын тілге тиек етті.

Мұнан соң кездесулерге қатысқан учаскелік полиция қызметкерлері сабақ уақытында мектептен тыс жерде жүрмеу, түнгі мезгілде белгіленген уақыттардан кейін оқушылардың заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеуі керектігін айтып, оқушыларға және ата-аналарына мұндай жағдайда қандай жауапкершілік қаралатындығын ескертіп өтті.

#AMANAT
10 сәуір 2023 ж. 197 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 196

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 196

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930