Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшпек

Қазақстан электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшпек

Өзгерістер 1 шілдеде басталадыҚазақстан электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшеді. Бұл жайында Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.
«Биылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және электр энергиясын теңгерімдеуші нарық тетігі негізінде электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшу жоспарлануда. Нарықтың жаңа моделі электр энергиясына орта мерзімді қажеттілікті жабу мақсатында генерацияны енгізу бойынша қажетті жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту бойынша жобалар іске асырылуда, олар 2027 жылға қарай 1 700 МВт-тан астам электр энергиясын іске қосуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Ақшолақов атағандай, Қызылорда қаласында және Түркістан облысында жалпы қуаты 1 200 МВт-тан асатын маневрлік қуаттардың құрылысы жүріп жатыр.
«Сондай-ақ, Көкшетау және Семей қалаларында жаңа Жылу электр орталығын салу бойынша жобалар пысықталып жатыр. Екібастұз ГРЭС-2 №3-4 блоктарын салу, сондай-ақ, Алматы энергия кешенінің энергия көздерін жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру жүргізілуде. Бұдан басқа ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс және Оңтүстік аймақтардың энергия жүйесін күшейту, Батыс аймақты Біртұтас электр энергетикасы жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді министр.
04 сәуір 2023 ж. 551 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930