Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани азық сыйлаған кеш

Рухани азық сыйлаған кеш

Жуырда Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде Сарбұлақ ауылындағы №78 мектептің оқушылары баспасөздің баһадүрі Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» қойылымын сахналады. Көрермендер залынан ине шаншар орын қалмаған спектакльге аудан әкімі де арнайы барды.
Қазақ тарихында аты аңызға айналған абыз аналарымыз жетерлік. Солардың ішінде қасиетті «Домалақ ана» туралы оқиға – тарихи шындығымен дараланып тұратын шығарманың бірі. Қойылымда мейірімге толы ана махаббатының қуаты өте кең әрі шынайы суреттелді. Көрерменге береке-бірлік, тектілік пен имандылық туралы ой тастады.
Ұшы-қиырына көз жетпейтін ұлан-ғайыр дала. Қос мергеннің аңшылығы. Суы сарқылған құдықтан Бәйдібек бидің Нұриланы өрме арқанмен шығарып алуы. Осыншама ауқымды оқиғаны шағын дерлік сахнаға сыйғызған оқушылардың шеберлігіне жиналған жұрт сүйсіне, шын ықыласымен ду қол шапалақтап, алғысын білдірді.
Қойылым соңында әкімі Мұхтар Оразбаев сахнада жан-дүниесімен беріліп ойнаған оқушылардың актерлік шеберліктеріне риза болып, шалғайдағы ауылдан осындай өнерлі өрендердің шығып келе жатқаны қуантатынын жеткізді. Аудан тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлаған сарбұлақтық өнерпаздарға шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ Сарбұлақ ауылдық №78 мектеп ұжымына арналған арнайы алғыс хатты білім ошағының директоры, қойылым режиссері Гүлдәурен Рахатдинге табыстады.
– «Театр – тәрбие мектебі, театр – тәлім, рухани азық алар орда», деп ұлы жазушылар айтып кеткендей театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ, идеологиялық құрал. Бүгін бір керемет әсер алдым. Мектеп директоры, мұғалімдері мен мектеп оқушыларының осындай керемет қойылымды жоғары дәрежеде сахналап шығуы үлкен жетістік деп білемін. Жас өнерпаздардың қиялдарына қанат біткей, – дейді кент тұрғыны Айдана Алдабергенов.

Серік АҚМЫРЗА
07 наурыз 2023 ж. 496 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930