Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жобадағы жұмбақ жан

Жобадағы жұмбақ жан

Биыл Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен және Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Бізбен бірге» атты ауқымды жоба қолға алынған болатын. Екі кезеңге ұласқан сұхбаттың алғашқы кешіне ауданның спорт саңлақтары шақырылса, екіншісінде сөз шебері асабалар жиналды. Бағдарлама соңында «келесі қонақ жұмбақ жан» деп хабарлаған еді.
Бүгінде жалғасын тапқан сүбелі сұхбат сәуір айының 29-ыншы жұлдызында өтті. Көптен күткен кештің жұмбақ қонағы азулы ақын, композитор, әйгілі әнші Шынберген Сүлейменов және оның бала күннен тай құландай тебісіп өскен досы Байназар Омаров болды. Кеш қонақтары сахна төрінен орын алып, көрерменге шайырдың өмір мен өнер жолынан сыр шертті. Елге танымал эстрада жұлдыздарының құттықтауы арқылы көпшілік назарына бейнебаяны ұсынылды.
Ақынға ұяшықта орналасқан қызықты сұрақтар қойылып, бағдарлама әзіл-сықақты әңгімеге ұласты. Шынберген Байқараұлы өзінің «Алланы тану», «Мектепке сағыныш», «Кездесерміз біз әлі», «Ақұдайлар», «Сыр елі», «Сүйкімді», «До ре ми», «Анашым», «Ауылым», «Айналайын» атты тыңдарман жүрегінен орын тапқан, бірқатар туындыларын жанды дауыста орындап, көрермен көңілін бір серпілтіп тастады.
Мәдениет орталығының басшысы Ғани Дармағамбет және Әлия Ермекбаева сынды өнерпаздар Шынберген шығарған әндерді шырқады.
Онан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Шынберген Сүлейменовке жүрек жарды лебізін айтып, ыстық ықыласымен «Алғыс» хат табыстады. Кеш бағдарлама әнұранына айналған «Бізбен бірге» әнімен тәмамдалды.
Айта кетейік, ауқымды жоба мамыр айының соңғы күндерінде өз жалғасын тауып, кезекті құрметті қонағына сахна төрінен орын бермек.
Серік АҚМЫРЗА
04 мамыр 2022 ж. 956 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031