Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаһармандарға құрмет

Қаһармандарға құрмет

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің отбасыларына барып, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады.
Алдымен Әйтеке би кентінде тұратын 97 жастағы Тілеуберген Тобабергеновтің отбасына барған аудан басшысы ақсақалға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыстап, сый-құрмет көрсетті.
Тілеуберген Тобабергенов Жеңісті Берлин қаласында қарсы алған. 1948 жылы елге оралғаннан зейнет жасына дейін теміржол саласында абыройлы еңбек еткен. Қазір немере-шөберелерінің қызығын көріп, бақытты өмір сүруде.
Мұнан соң Мұхтар ­Оразбаев ­Бекарыстан би ауылындағы Қабақ Смағұлдың шаңырағына аялдап, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Қос ардагерді аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап пен аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов құттықтап, игі лебіздерін жеткізді.
Құрметке бөленген соғыс ардагерлері өңір басшыларына оларға бөлген көңіл мен жалпы өткізіп отырған саясатына ризашылықтарын білдірді. Бейбітшілік, достық, өзара түсіністік – халқымыздың негізгі құндылықтары екенін ­айтты.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
22 желтоқсан 2021 ж. 774 0

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031