Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелмен әлем әдемі

Әйелмен әлем әдемі

Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйелмен әлем әдемі» атты салтанатты шара өтті.
Мерекелік шара қыз ғұмырының балалық, бойжеткен, аналық кезеңінен көрініс беретін қойылыммен бастау алды. Аудан көркемөнерпаздарының сахналаған қойылымнан соң, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз алып, жиынға келген ақжаулықты әжелерді, көпбалалалы аналарды, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз келіншектерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Әйел – өмірдің өзегі, отбасының алтын діңгегі. Әйел әрбір әулеттің шамшырағы. Оларсыз өмірді елестету мүмкін емес. Әйелдің отбасында ғана емес, қоғамда да өзіндік орны бар. Бүгінде өңірдің қыз-келіншектері қай салада болмасын ерлермен тең иық тірестіріп, жемісті еңбек етуде. Нәзікжандыларымыздың аудан экономикасын нығайтуда және өңір тұрғындарының әлеуетін арттырудағы ерен еңбегін ерекше бағалаймыз, – деді аудан басшысы.
Шара барысында әнші сазгер Индира Елубаева, Гүлнұр Нұрасыл әсем әнін тарту етсе, қазалылық ақын Ақжол Түменбай аналардың құрметіне «Бүгін менің анамның туған күні» өлеңін оқып, жырдан шашу шашты.
Кеш соңында ақжаулықтыларға, көпбалалы, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі және әр салада қызмет етіп жүрген аяулы қыз-келіншектерге аудан әкімінің атынан арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтары тарту етілді.

С.ӘЛИҰЛЫ
07 наурыз 2023 ж. 485 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930