Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардақты аналар, аяулы мерекелеріңізбен!

Ардақты аналар, аяулы мерекелеріңізбен!

Жыл сайын әлемнің бірнеше елінде наурыздың сегізінші жұлдызы Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтеді. Ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аяулы қыздардың мерекесіне арналған мәдени шаралар Қазалы ауданында да кеңінен ұйымдастырылды. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Қыз дәурен-Ана ғұмыр» атты мерекелік шара өтті.
Салтанатты шараға, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен Қызылорда облысының әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова арнайы қатысып, қадірлі нәзік жандыларды айтулы мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік шараға 250-ге жуық нәзік жандылар қатысты. Олардың ішінде еңбек ардагерлері, батыр, көп балалы аналар, білім, денсаулық, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген әйел-аналар бар.
Салтанатты шарада, сөйлеген құттықтау сөзінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мереке. Бір ғасырдан астам тойланып келе жатқан бұл мейрам шынында баршаның жанына жылу сыйлайды десем артық айтқандығым емес. Өйткені, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, тіпті ортақ Отанымыздың мерейі» екенін тілге тиек етіп, арулар қауымын мерейлі мерекелерімен құттықтады.

Сонымен қатар өз саласында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар нәзікжандылар облыс әкімі мен облыстық әйелдер кеңесі төрайымы және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен бірге, Қазалы ауданы өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің аналары «Офицердің анасы» медалімен марапатталды.
Мерекелік жиын барысында, бірқатар аналарға ҚР Президентінің жарлығымен «Алтын алқа және Күміс алқалары» табысталды.
Республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қорының шешімімен денсаулық сақтау саласына қосқан еңбегі үшін «Алтын дәрігер» медалі Қазалы ауданаралық ауруханасының перзентхана бөлімінің меңгерушісі Кутекеева Сәуле Сәдуақасқызына берілді.
Мерекелік шараға, Жұбаныш Жексенұлы арнайы шақыртылды. Эстрада жұлдызы ақ жаулықты аналарға әсем әндерін тарту етіп мерекелерімен құттықтады.
Жергілікті өнерпаздар нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, аяулы аналарға театрландырылған қойылымдар қойды.






Салтанатты шара соңында қатысушыларға аудан әкімінің арнайы сыйлықтары мен гүл шоқтары табысталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
05 наурыз 2022 ж. 471 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930