Елшіл ерлер есімі есте
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толды. Осыған орай, жас өмірін жат елдегі соғыста қиып, әскери анты һәм Отан алдындағы борышына адал болған соғыс куәгерлерімен кездесу өтті.
Жеңіс паркінің төріндегі жиында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен ауған соғысы ардагерлері қанды майданда оққа ұшқан оғландардың құрметіне алау басына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады.
Содан соң исі мұсылманның парызы ретінде Жанқожа батыр мешітінің бас имамы Берік қажы Сүлейменов бақилық болған сарбаздардың рухы пейіште шалқысын деген ниетте құран бағыштады.
Сұрапыл соғыста асқан ерлік танытқан ардагерлер кездесуі Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде «Ерлікке тағзым – елдік міндет» атты кешке ұласты. Тағылымды шараның алғы сөзінде аудан басшысы майдангерлерге алғысын айтты.
– Тарих қойнауында қара әріппен жазылған ауған соғысы аяқталып, жауынгерлеріміздің майдан даласынан шығарылғанына биыл 34 жыл толып отыр. Өрімдей жастар біріміздің аға-бауырымыз, енді біріміздің баламыз елдік, әскери антын өзге елде абыройлы атқарып, елдікті жоғары қойып, жаужүрек жауынгерлеріміздің біршамамасы ортамызда отыр.
Қанды майданда елімізден 22 мыңнан астам қазақ сарбазы аттанып, оның 900-ден астамы өзге елде асқан ерлікпен қаза тапты. Мыңнан астам азаматымыз сал оралса, 21 жауынгер бүгінгі күнге дейін хабар ошарсыз кеткені жасырын емес. Соғыста олар Кеңестік дәуірдегі интернационалдық борышына адалдық танытып, кеудесін оққа, аяғын шоққа тірей, қаншама бейкүнә жандардың өміріне араша тұрды. Бұл соғысқа қазалылық азаматтар да аттанып, әділдік таңын аттыруға үлкен үлес қосқан. Уақыт өткен сайын тарих томы қалыңдап, жауынгерлеріміздің ерлігі Ұлы Отан соғысының ардагерлері іспеттес кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болары сөзсіз, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Шара соңында бірқатар азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Оның ішінде Айдар Әлдебайұлы, Жаңабай Әбдірасулұлы, Ахметжан Оспанұлы, Мұрат Әбдуали, Күмісбай Серікбайұлы, Қобыланды Мырзағұлұлы және Ақылбек Адайбекұлы марапатталды.
Одан бөлек, спорт майталманы, грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Самат Оспановқа спорт шебері атағы табысталды.

Серік АҚМЫРЗА
Фото Нұрлан ҚАНАТ