Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалған жәшік жабырқатып тұр

Жалған жәшік жабырқатып тұр

Қазақ бағзы заманнан жетімі мен жесірін жылатпаған, нысап пен нығметті, обал мен сауапты жетік білген және ұрпағының санасына сіңірген текті халық. Оған күні кешегі Түркия еліндегі талайды ажал құштырған апатта жұмыла бас қосып, көмек жасап жатқан ел тұрындарының ісі дәлел болса керек. Алайда соңғы уақытта қолына жәшік ұстап, кейбірі дүкен сөрелеріне қойып, жұрттан ақша сұрап, қайырымды іс жасауға үгіттеп жүрген жандарды жиі кездестіруге болады. Оларға көмек қолын созатындар да аз емес. Бірақ берген қаражат шынымен де діттеген жеріне жұмсала ма? Әлде бұл жақсылықтың атын жамылғандардың жымысқы жоспары ма?
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ҚР бойынша мыңнан астам қайырымдылық қор және 600-ден астам волонтерлық ұйым жұмыс істейді екен. Бұл тек нақты тіркелгені ғана. Ал өз бетімен жеке жұмыс істейтіні қанша екені әзірге белгісіз. Сол себепті де жұртты жаңыдырып жүргендер саны артып тұр.
Қолдарына «қайырымдылық үшін» деген жазуы бар жәшік ұстаған жастарды базар маңынан, орталық көшелерден жиі ұшыратуға болады. Кейбірі тәттілерді саудалайды. Олар өздерін еріктімін деп таныстырып, халықты қайырымды іс жасауға үгіттеп, ақша жинайды. Ал осы еріктілердің жинаған ақшасы кейде діттеген жеріне жетпей жататын кездер де жоқ емес екен. Тағы бір өкініштісі, мұндай жалған еріктілер түптеп келгенде қайырымды іс жасап жүрген жандардың ісіне күмән тудырады.
Жанқожа батыр мешітінің бас имамының айтуынша, мұндай жандар мешіт ауласына да келіп, көптен көмек сұрайтын көрінеді. Бірақ қандай қордан екендерін сұрай қалсаң, жауаптан жалтарады екен.
– Қазір белгілі бір қордың атын жамылып, «жағдайы төмендерге жәрдемдесемін» деп салған жанның ақшасын қалтасына басып жүргендер көбейіп кетті. Ондай азаматтарды мешіт ауласынан да кезіктіруге болады. Мойнына қайырымдылық жәшігі деп асынған «адамға бұл қандай қор?» деп құжаттамасын сұрай қалсаңыз, жауаптан жалтарады.
Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасын, оның жанында зекет және қайырымдылық қорының қойған жәшіктері бар. Онда мешіт имамдарының арнайы нөмірлері де көрсетілген. Одан түскен қаражатқа біздер жағдайы нашар отбасылар, мешіт-медреселердің коммуналдық төлемдері және басқа да шығындарын өтеуге жұмсалады. Қазіргі кезге дейін аудан дүкендеріне қойылған жәшіктерден медресе құрылысына көмек көрсетіліп келді. Ал қазір сондағы жатып, оқитын жастардың азық-түлігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланатын боламыз.
Жалпы қайырымды іс жасағыңыз келсе, өзіңіз танитын, ағайын-туыс не көршіңізге жария салмай апарып бергеніңіз абзал. Ал егер айналаңыздан мұқтаж жанды байқамасаңыз жергілікті жердегі мешіт имамдары, қызметкерлерімен келісе отырып, жағдайы төмен отбасылар тізімін алып көмек бере алады.
Алла қаласа, зекет және қайырымдылық қорының дүкендерге қойылған жәшіктеріне жиналған қаржыға сәрсенбі күні облыстың бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлының қатысуымен 50 адамға көмек бергелі отырмыз, – дейді Қазалы ауданының бас имамы Берік қажы Сүлейменов.
Халқымызда «Кең болсаң, кем болмайсың» деген жақсы тәмсілі бар. Осыған сүйене отырып, көмек керек дегеннің көпшілігіне жомарт жандар жәрдемдесіп, сұрағанның қолын қайтармай келеді. Алайда жеке пайдасы үшін қайырымдылық атын жамылып, қарақан басын ойлайтындар мен «көмекке мұқтажбын» деп алдайтындардың саны көбейіп барады. Сол себепті көмек көрсетпес бұрын ақпараттарды тексерген абзал. Өйткені жәрдем беремін деп, алаяқтардың қалтасын қалыңдатуыңыз әбден мүмкін.
Арамзалардың жұмысын қадағалап, жүйесін реттейтін шаралар мемлекет тарапынан қолға алынып, бақыланса, жиналған қаражаттың да шын мұқтаждарға жетіп, халықтың да сенімі арта түсері сөзсіз.


Серік АҚМЫРЗА
14 ақпан 2023 ж. 290 0

Тікұшақ апатқа ұшырады

06 қаңтар 2025 ж. 41

Жаңа әкім тағайындалды

06 қаңтар 2025 ж. 102

95 көлік соқтығысы

06 қаңтар 2025 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031