Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Жүрек жылуының” лүпілі

“Жүрек жылуының” лүпілі

Бабалар салған сара жолмен көмекке мұқтаж адамға қолдау көрсетіп, қайырымдылық жасаған, жетімі мен жесірін жылатпаған халықпыз. Осыған орай жуырда Алғыс айту мерекесінде «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ізгілікті шара Әйтеке би кентіндегі “Жанқожа батыр” атындағы орталық мешітте өткізіліп, мекеме басшылары мен қызметкерлер және кәсіпкерлер көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созды. Онда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтап, сауапты шараға атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.
– “Жүрек жылуы” акциясын елдіктің белгісі деп білемін. Өткен жылдың өзінде аудан бойынша 3770 адамға 17 миллион теңге көлемінде көмек берілді. Мұндай жұмыстар биыл да жалғасуда. Қазір қамқорлыққа мұқтаж отбасылар саны нақтыланды.
Көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар жағдайы басты назарда. Сондықтан оларды алаңдатқан өзекті мәселелені анықтау бағытында “Нұр Отан” партиясы Қазалы аудандық филиалы ғимаратында “Ашық есік күні” өткізілді. Мұнда аналардың өтініш-тілектері жинақталды. Ұсыныстар тізімі түзіліп, талдау жасалды. Келгендердің басым бөлігі баспана мен жұмыспен қамту мәселесін шешуді және жәрдемақыны көбейтуді сұрады. Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағынан көпқабатты 6 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының ортасынан 12 үй салу үшін жобасы дайындалып, қаржыландыруға ұсынылды. Осы жұмыстар толық аяқталғанда кезекте тұрған 252 адамды тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Өткен жылы аудандық аурухананың ескі ғимаратын жөндеп, баспанасы жоқ 40 отбасын орналастырдық. Мұндағы жылу, ауызсу, кәріз жүйесі орталықтандырылған. Тұрғындар тек ғана коммуналдық шығын қаржысын төлеп отыр. Енді №204 орта мектеп жанындағы 5 қабатты ғимаратты және Қазалы қаласындағы ескі аурухананы осындай жатақханаларға бейімдеу бағытындағы жұмыстар басталды. Оған әлеуметтік осал топтағы азаматтарды орналастыру жоспарда бар, – деді аудан басшысы.
“Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің” дегенді жадында ұстағандар сол күні 100-ден аса отбасыға 2 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті. Жиналғандар ел ағаларына риясыз ризашылықтарын жеткізіп, алғаусыз алғыстарын білдірді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
07 наурыз 2019 ж. 1 235 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930