Аудан әкімі автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстау дайындығымен танысты
Бүгін аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі нысандарды аралау барысында «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның аудандық филиалы мекемесіне барып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалау және тайғаққа қарсы материал себетін арнайы техникалардың дайындығын тексерді.
Аудан басшысына «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның аудандық филиалының бас инженері Алашынбай Рыстығұлов мекеменің қыс мезгілінде автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға қажетті материалдық-техникалық базасының дайындығы туралы баяндады.

Аудан әкімі тиісті мекемелердің басшыларына қыс мезгілінде аудан аумағындағы жолдарды күтіп ұстау бойынша қажетті материалдық-техникалық базасының толықтай дайын болуы, жол белгілерін қалыпқа келтіру мен санитарлық тазалық талаптарын қатаң сақталуы жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар қыс мезгіліндегі қардың салдарын тез арада жою ғана емес, алдын-ала құм мен тұз қорын ұйымдастыру мен жалпы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.














