Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ізгі істегі әскери қызметшілер

Ізгі істегі әскери қызметшілер

Наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімінің жеке құрамы қаланың сәні мен тазалығына өз үлестерін қосып жүрген тазалық саласының жұмысшаларына қайырымдылық істерін көрсетті.

Әскери қызметшілер таң атысымен қаламыздағы тазалыққа жауапты қызметкерлердің еңбегін бағалап, қолдарынан келгенше көмектерін аямай және басқа тұрғындарға үлгі болатындай игі іс көрсетті. Дайындап келген тәттілері мен ыстық шайларын ұсынып, бірлесіп жұмыс жасауға атсалысты. Қаладағы тазалық жұмыстарының қызметкерлері біреуімізге ана, бірімізге әке болса, біреуі ағамыз, біреуі ініміз және бірі әпкеміз, бірі қарындасымыз. Сондықтан, қай салада болмасын айналамыздағы ортаға деген жақсы қарым-қатынасымыз, адамдар арасындағы ыстық ықыластың, жанашырлықтың және қамқорлықтың тууына себеп болады.
-Осындай қарапайым іс жасап, бір бірімізге көмек көрсетіп, ықыласқа бөленгенге не жетсін... Қайырымды іс жасап, көпшіліктің ризашылығы мен батасын алуға әрбір Қазақ халқының тұрғындарының күші жетеді деген ойдамын, - дейді әскери бөлімнің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастырушысы, азаматтық персонал Алтын Ізмағамбетова.
Игі шара соңында Қызылорда қаласындағы тазалық қызметкерлері көмек қолын созған әскери қызметшілерге өз алғыстарын білдіріп, елді қорғау саласындағы істеріне сәттілік тіледі.
Жыл сайын әскери қызметшілер ізгіліктің анық көрінісі болып қайрымдылық шараларын ұйымдастырады. Әскери бөлім қызметшілерінің тарапынан болатын көмектер тек қана белгілі бір күндерге емес, жылдың барлық уақытында қажеттілігіне қарай көрсетіліп келеді.
Аталған іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант
26 наурыз 2021 ж. 2 118 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 118

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930