Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жол жөндеу жұмыстары мен Әйтеке би кентіндегі көпқабатты үйдің шатырын ауыстыру жұмыстарын көрді

Аудан әкімі жол жөндеу жұмыстары мен Әйтеке би кентіндегі көпқабатты үйдің шатырын ауыстыру жұмыстарын көрді

Биыл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен аудан орталығы – Әйтеке би кентінің 14 көшесін, елді-мекендер бойынша 4 көшені орташа және күрделі жөндеу, Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғыртуға қаржы бөлініп, бүгінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға сәйкес Жалаңтөс батыр ауылындағы Ә. Тілеубаев және Жалаңтөс батыр көшерлеріне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, мердігер мекеменің басшысымен кездесті.
Жол жөндеу жұмыстарымен «Қазалы Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда. Жобаға сәйкес елді мекендегі 2 көше бойынша барлығы 2,4 шақырым жолға асфальт төсеу қарастырылған. Қазіргі таңда, оның 1 шақырымына асфальт қабаты төселді.
Аудан басшысы мердігер мекеменің басшысына жол жөндеу жұмыстарының сапасына аса мән беріп, күн суытпай тұрғанда белгіленген жұмыстарды мерзімінде аяқтауды ескертті.
Жалаңтөс батыр ауылынан кейін Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр мен В.Счастнов көшелерінің қиылысында орналасқан 5 көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстарын көрді. Жобаға сәйкес 800 шаршы метр болатын тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстары қарастырылған. Бүгінде тұрғын үйдің шатырын ауыстыру жұмыстары толықтай аяқталуға жақын.
Айта кетейік, аталған көпқабатты үйдің шатырын ауыстыру мәселесі жергілікті тұрғындар тарапынан көптен бері қозғалып жүрген өзекті мәселелердің бірі еді. Осы ретте, көпқабатты үйдің тұрғындары мәселелерінің оң шешімін табуға атсалысқан аудан басшысы мен азаматтарға ризашылықтарын жеткізді.
07 қараша 2025 ж. 119 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930