Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Таза бейсенбі": партия мүшелері демалыс аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді

"Таза бейсенбі": партия мүшелері демалыс аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді

«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде апта сайын өткізілетін «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бүгін Қазалы ауданында жалғасты. Бұл жолы партия мүшелері мен белсенді жастар Әйтеке би кентіндегі мәдени-демалыс кешені аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Экологиялық іс-шараға 30-дан аса адам қатысты.
Аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын сөз етті.
«Бұған дейін де «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ауданымызда бірнеше мәрте өткізілген болатын. Соның нәтижесінде мұндай шараларға қатысу белсенділігі жоғары тұрғындардың қатары артып келеді. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні қарсаңында ашылған Қазалы мәдени-демалыс кешені бүгінде аудан тұрғындары мен қонақтарының демалатын сүйікті орнына айналды. Сол себепті бұл аумақтың тазалығын ұдайы қадағалап, тазартып отыру азаматтық борышымыз деп білеміз», – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.
Іс-шараға қатысушылар демалыс кешенінің аумағын, соның ішінде арық-атыздарды және жүргіншілер жолдарын құрғақ бұтақтар мен түскен жапырақтардан тазартты. Нәтижесінде қалдықтар мен жиналған жапырақтар арнайы орынға шығарылды.
#AMANAT
06 қараша 2025 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930