Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмысы төмен 1000 отбасына қайырымдылық жасалды

Тұрмысы төмен 1000 отбасына қайырымдылық жасалды

Қызылордада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 1000 отбасыға көмек көрсетілді. Бұл шара Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейтойы қарсаңында қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайырымдылық шарасында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар азық-түлікпен қамтылды. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің аумағында акция шеңберінде қаржылай көмек көрсеткісі келетіндерге арнайы жәшік қойылды. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шараға атсалысқан Сыр жұртшылығына алғыс білдіре отырып, Қала күні мерекесімен құттықтады. «Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шара жасау - халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі» екенін атай отырып, «Мемлекет пен бизнес экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуде де әріптес болуы тиіс» деген болатын. Биыл Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында арнайы бір күннің «Жүрек жылуы» атауымен қайырымдылыққа арналуының негізі осында»,-деді аймақ басшысы. Айта кетерлігі, өңірде қайырымдылық шарасын өткізу игі дәстүріне айналған. Өткен жылы 800 отбасыға көмек көрсетілген еді. Жыл басынан бері Наурыз, Ораза айт және Құрбан айт мерекелерінде мыңдаған отбасыға көмек берілді.
inform.kz

28 қыркүйек 2018 ж. 4 604 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930