Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрек жылуы

Жүрек жылуы

Ата-бабамыз қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдық пен ынтымақты ту еткен. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған.
«Қыран жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді» деген мақалдың мәніне терең бойлап, жалғыз өзі тойғанша жұртпен бірге қиналуды жөн көрген.
Жыл сайын бірнеше көмекке мұқтаж көпбалалы жанұяларға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созып жүрген, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен – Қатира Тайпақова апайымыз мейірімді жүрегімен, кең таза ниетімен, жұмсақ көңілімен бүгінгі таңда ауданымыздағы бірнеше мектепке өз қаражатымен демеуші болып жүрген зейнеткер.
Осы орайда, тарихы кеңінен тараған, бабалар сара жолымен келе жатқан Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия оқушыларына бірнеше жылдар бойы үздіксіз әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларын азық-түлік, қаржылай көмек пен жамылғы көрпелерін әкеліп, көптеген отбасыға көмек берген еді. Сауапты іспен айналысып жүрген зейнеткер Қатира Тайпақованың бұл ісі ұрпаққа үлгі, айналаға жылу сыйлайды.

А.БУРАШОВА,
Б.К.Мергенбаев атындағы №226
мектеп-гимназияның әлеуметтік педогогы
07 қаңтар 2023 ж. 632 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 566

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 013

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 111

Өнерде жоқ шекара

21 мамыр 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031