Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірімді жастардың жақсылығы

Мейірімді жастардың жақсылығы

Қайырымдылық – адамгершіліктің айқын белгісі. Тағдырдың жазуымен мүтәж болғандарға жәрдем беру қазақ халқындағы байырғы заманнан келе жатқан дәстүр. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, мейірімділік таныту. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы кім-кім де жақсылыққа қадам басады.
Осы орайда Қазалы қаласы әкімдігінің, "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Мейірімді жастар жасағы" құрамының құрылуын игілікті іс деп атауға болады. Айналамыздығы кемтар, жетім-жесірлерге, жалғызілікті аналарға, қарт адамдарға қамқорлық танытып, жүрек жылуын шашып жүрген аталмыш топ биылғы жылдың 4 қаңтарында құрылған болатын. Сол уақыттан бері 7 отбасыға қол көмегін көрсетіп, көпшіліктің шынайы алғысына бөленіп үлгерді.
Мемлекет басшысының "Еліміздің болашағы жастардың қолында" деп атап өткеніндей, қоғамға ондағы адамдарға мол пайдасын тигізіп жүрген жастарға еңбектері жанып, мерейлері өсе берсін дейміз. Жас дос, егер осындай игілікті істер арқылы елге пайдам тисін десеңіз бізге қосылыңыз!
Салтанат НАЖМАН.
01 ақпан 2018 ж. 5 632 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 120

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 122

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031