Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық мультипликаторлар қазақ тілінде 20 жаңа мультфильм шығарды

Отандық мультипликаторлар қазақ тілінде 20 жаңа мультфильм шығарды

Мәдениет және спорт министрі Д.А.Абаев «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысымен танысып қайтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық анимацияға биыл 55 жыл толды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі (ШБ) ашылып, қазақ мультипликациясының жұмысы қайта жанданды. Бүгінгі таңда «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі конкурстық негізде республиканың ірі қалаларынан мәлімделген 167 сценарий ішінен үздік 20-сын таңдап, 5 минуттық анимациялық картиналардан тұратын 20 пилоттық жобаны аяқтап үлгерді.

2022 жыл ұлттық анимациялық кино өнері үшін айтулы жыл болды. Себебі биыл қазақ анимациялық кино өнеріне 55 жыл толды. Анимация саласы майталмандарының талай жылдан бергі арманы орындалып, Шәкен атамыздың атындағы «Қазақфильм» киноностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі жаңадан жасақталып, қайта құрылды. 1967 жылы қазақ мультипликациясының негізін қалаушы, ұлы режиссер Әмен Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш фильмінен бастау алған Қазақ анимациялық кино өнері еліміздің келешегі жас ұрпаққа жарты ғасырдан астам уақыт бойы толассыз қызмет етумен келеді, - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтау сөзінде.
«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысы басталғалы үш ай ішінде анимация саласындағы әлемнің жетекші мамандарынан шеберлік сыныптары өткізілді. Оқу бағдарламасы барысында 300-ден аса студенттер мен жоба қатысушылары шетелдік және қазақстандық мамандардың дәрістері мен практикалық сабақтарына қатысып, кәсіби тәжірибелерін шындады.

Іс-шара барысында Мәдениет министрі анимация ардагерлеріне марапаттар мен алғыс хаттар табыс етті. «Еңбек ардагері» медалімен , кинорежисер-мультипликаторлар Гүлмира Садықова мен Галина Дусенко және суретші-мультипликатор Эрнст Бейсеитов марапатталды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қарашасы аралығында «Қазақанимация» ШБ шеңберінде өткізілген шеберлік сыныптарының тыңдаушылары және алыс шет елдерде (Польша, Франция, Түркия, Испания) шеберлік сыныптары мен практикалық сабақтардан өткен тыңдаушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

Мәдениет министріне «Қазақанимация» ШБ шеңберінде құрылған 20 пилоттық жоба көрсетілді. Сонымен қатар, қазақстандық мультипликаторлар анимация саласындағы халықаралық әріптестерімен меморандумдарға қол қойылды.

Айта кетейік, 55 жыл ішінде отандық екі жүзден аса мультфильм түсіріліп, отыздан аса анимациялық студиялар өмірге келді. 2018 жылы анимациялық киностудиялар қауымдастығы құрылып, өз кезегінде бұл қауымдастық рухани-мәдени маңызы бар көптеген іс шараларды атқарып келеді. Соның ішінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық Amen фестивалі.

Биылғы жылы Amen фестивалiне қатысуға Әзербайжан, Грузия, Испания, Қазақстан, Қытай, Түркия, Өзбекстан және Франция мультипликаторларынан барлығы 147 өтінім түсті, олардың 55-і іріктеуден өтті. Бұл жобаларды отандық және шетелдік анимацияның көрнекті қайраткерлері енген қазылар алқасы iрiктедi.

Алдағы жылы қазақ анимациялық кино өнерінің атасы Әмен Қайдардың туғанына бір ғасыр, яғни 100 жыл толмақ. Соның айғағындай осынау ғасырлық мерейтой қарсаңында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» атты қысқаметражды мультфильм түсірілді.
08 желтоқсан 2022 ж. 220 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930