Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Egov.kz порталында жұмыссыздарға арналған жаңа қызмет пайда болды

Egov.kz порталында жұмыссыздарға арналған жаңа қызмет пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұмыссыздар мен жұмыс іздеушілерге арналған жаңа қызметтердің іске қосылғанын мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Енді eGov.kz порталы арқылы үйден шықпай-ақ, жұмыс іздеуші ретінде тіркелуге, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жолдама алуға болады»,- делінген хабарламада. Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға 4 бағыт көзделген: - жастар іс-тәжірибесіне жолдама алу; - қоғамдық жұмыстарға қатысуға жолдама алу; - әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа тұру туралы жолдама алу; - жұмысқа тұру туралы бағыт қағазын алу; «Табыс әкелетін жұмысы бар болса немесе құжаттарды ұсыну кезінде "жұмысым мен табысым жоқ" деп жалған мәлімет берген пайдаланушыға бұл қызметті көрсетуден дәлелді түрде бас тартылады. Сондай-ақ қызмет зейнет жасындағы адамдар үшін де қолжетімсіз. Алынған қызметтер бойынша барлық ақпарат пайдаланушының Жеке кабинетінде сақталады», - дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Асқар Атағұла. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесінде, пайдаланушыға жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелгені туралы хабарлама келеді және жұмысқа орналасу бойынша жолдама беріледі. Жолдамаларды Халықты жұмыспен қамту орталығы электрондық форматта береді. Қызмет - тегін, ол 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында тіркелу, өтініш беру және ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
inform.kz
16 мамыр 2018 ж. 1 416 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930