Менің тату отбасым
Тату отбасы дегенде көпшіліктің көз алдына қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Тек жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен соң ес жиып есейе келе өмірді отбасы арқылы тани бастайды. Ата-әже, әке-ана, бауырлары мұның барлығы баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. Сондықтан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп текке айтылмаса керек-ті. Мұны неге айтып отырмыз? Өйткені жуырда Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның «Жас Ұлан» ұйымы ұйымдастыруымен «Менің тату отбасым» атты бейнероликтер байқауы болып өтті. Аталмыш байқаудың мақсаты бойынша 1-11 сынып аралығындағы оқушылар үш минуттық ролик дайындауы қажет. Сол арқылы отбасының маңыздылығы туралы жеткізеді. Ал біз айтып отырған байқаудың жеңімпазы – 5 А сынып оқушысы Камалия Берденова болыпты.
Байқауда үздік деп танылған бейнебаянға көз салсақ, Камалия өзінің отбасындағы бір күнін баяндайды. Мұғалімі үй тапсырмасына берген «Менің тату отбасым» тақырыбын кеңінен тарқатып беру үшін атасы Сержанқожадан сұрап біледі. Сол тұста біз ақсақалдың «Тату отбасы дегеніміз не?» деген сауалды қалай түсіндіріп бергеніне куә боламыз. Оның ішінде ағайын-туыстың араздығы, әрбір адам үшін отбасының ролі туралы байыпты баяндап бергенін аңғарамыз. Одан бөлек біз айтып отырған Камалия Берденова татулық турасында Хәкім Абайдың өлең шумақтарын жатқа айтып, үй шаруасында анасына қолғабыс болып жүргенін көре аламыз.
Оқушы туралы ұстазының пікірімен толыққан ролик соңы ақ дастарқан басындағы абыз ақсақалдың ақ батасымен түйінделеді. Бүгінгі күні қоғамдағы отбасының маңызын үш минутқа сыйдырған бейнебаянға біз де бәрекелді дестік.

Абзал ЖОЛТЕРЕК