Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үздік оқырман – 2020» байқауы

«Үздік оқырман – 2020» байқауы

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай «Үздік оқырман – 2020» жас оқырмандар байқауы онлайн форматта өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқырмандардың дүниетанымын кеңейтуге, көркем шығарманың мәнін сезініп, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға ­баулу, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу.
“Үздік оқырман” байқауы биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Сайысты бақылап, оған баға беретін қазылар алқасының төрайымы аудандық орталық кітапхананың оқырманы, ардагер ұстаз Айжаһан Ысқақ пен мүшелері аудандық «Қазалы» газетінің тілшісі Абзал Жолтерек, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Қарлығаш Таңатар болды.
Мазмұнды шараға Қ.Сәтбаев атындағы №216, Қ.Пірімов атындағы №103, №170 Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі мен №266 мектеп-лицей шәкірттері қатысып, өзара бақ сынасты.
Нәтижесінде үшінші орынды №170 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Гүлсезім Бимырза, екінші орынды №266 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Данияр Әбілқасым, Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ақерке Тілектес, бірінші орынды Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мақсат Оңталап, бас жүлдені Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Динара Хайрулла иемденді.
Н.ӘЖІҒҰЛОВА,
аудандық кітапхана қызметкері
02 маусым 2020 ж. 2 469 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 99

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 95

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 96

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 88

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930