Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дарындар додасының дарабозы

Дарындар додасының дарабозы

Жақында «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 100 үздік дарынды оқушысы мәресіне жетіп, жаңа есімдер елге белгілі ­болды.
Дүбірлі додаға республиканың түрлі қалаларындағы мектеп оқушылары қатысты. Ұйымдастырушылар сайыстың негізгі мақсаты – білім қуған дарынды жастар арасында байланыс орнату екенін алға тартады. Инновациялар идеяларын ортаға салып, үздіктерді анықтауды көздейді. Оған Қазалы ауданындағы «Дарын» орталығының атынан қатысқан №266 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы Нұртілек Құттымұрат ұйымдастырушылардың шешімімен байқаудың жеңімпазы атанды. Сынып жетекшісі Жарқынгүл Махсутова дарынды баланың үлгерімі осыған лайық екенін айтады.
– Қазақстанның жүз үздік оқушысы қатарына ену үшін Нұртілек төрт пәннен біліктілігін тексеретін сынақ тапсырды. Сайыс ережесі қалай болатынын білгенде оқушымның сүрінбейтініне сендім. Өйткені ол бұған дейін мектеп қабырғасында алғырлығымен, білім алуға деген құштарлығымен ұстаздарының мақтанышына айналып үлгерді. Жас дарынның келешегінен көп үміт күтеміз, – дейді сынып жетекшісі.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын насихаттауға мүдделі дода қорытындысында жас дарын І-дәрежелі дипломмен марапатталып, арнайы төсбелгі тақты. Бұдан бөлек ғылыми жұмысы «Қазақстан Республикасының жүз үздік дарынды оқушысы» атты кітап жинаққа енді. Сондай-ақ ата-анасы да ғылыми-зерттеу орталығы атынан алғысқа бөленді.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
15 қаңтар 2022 ж. 852 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 26

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930