Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайтарымсыз грант игілікті істерге жол ашты

Қайтарымсыз грант игілікті істерге жол ашты

Бүгінде өз кәсібін ашамын деген жанға мемлекет тарапынан мол мүмкіндік қарастырылған, деп хабарлайды qazaly.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба мемлекеттік бағдарламасы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары артып келеді.
Солардың бірі – Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының тұрғыны жас кәсіпкер Гүлсезім Болатқызы қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді. Оған ол сүт бағытында ірі қара мал алған. Осы жылдың қыркүйек айында Қазалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына «Сүт бағытында ірі қара мал өсіру» жобасы бойынша өтініш қалдырған. Өтініші қабылданған соң мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес құрылған комиссияның оң қорытындысын алып 1125200 теңге қайтарымсыз грантты иемденді.
– Талапшыл жас қолға алған кәсібін үлкейтуге және мал басын көбейтіп, сүттен дайындалатын әртүрлі өнімдер: айран, қатық, құрт, ірімшік, сүзбе тағы басқа да азықты өндіруді жоспарлап отыр, – дейді Майдакөл ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Ақылбек Асылбекұлы.
Айта кеткен жөн, жалпы Бекарыстан би ауылы бойынша 1125200 теңге қайтарымсыз грант алу үшін "Бастау Бизнес"жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсына business.enbek.kz порталында тіркеліп, білім алғандар skills.enbek.kz платформасы арқылы 69 адам сертификат алды.
Биыл 69 азамат оқуын аяқтады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантты 32 адам алды.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
21 қараша 2022 ж. 386 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930