Өткен тәулікте коронавирус пен пневмонияға 70 адам шалдықты

16 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан – 584 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 163 (КВИ-), барлығы 747 науқас емделіп жатыр. Олардың ішінде 86 пациент стационарда, 661-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.