Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Бір күнде 34 адамнан коронавирус, 4 адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жалпы, 766 адам коронавирустан (коронавирустан (КВИ+) 624 науқас және пневмониядан (КВИ-) 142 науқас) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 80 пациент стационарда, 686 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 2 адамның жағдайы ауыр,
– 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
28 қазанға дейін Қазақстанда вакцинаның I компонентін 10 842 360 адам, II компонентін 10 603 795 адам алды. 5 602 662 тұрғын ревакцинадан өтті.