Күншығыстағы керемет
Әлемде өз мәдениетін бүгінге дейін жоғалтпай, сақтап қалған, тарихы тереңінен сыр шертер алпауыт елдер көп емес. Солардың бірі – Шығыс Азиядағы, жалпы әлем бойынша ең көп аралды мемлекет – Жапония. Оның құрамында Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю сынды ең негізгі төрт арал және 4000 ұсақ арал бар. Оның аймағы 47 ауданға бөлінеді. Олардың әрбірінің жеке астанасы бар. Жапонияның төрттен үш бөлігін таулы аймақтар құрайтындықтан, адамдар жердің 10%-не ғана шоғырланған. Тағы бір айта кететіні, Жапония мемлекетін мекендегендердің 96 проценті нағыз жапондықтар, ал қалған 4 проценті американдықтар мен қытай-корейліктер.
Жалпы бұл елдің тұрмыс-тіршілігіне өзге елдер сырттай қызығушылық танытатыны жасырын емес. Тіпті кезінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан «Мэйдзи бағдарламасын» жүзеге асыруды қолға алып, қазақ еліне үлкен жоспар құрған. Алаш көсемінің жоспары бойынша, артта қалған аграрлық елден 21 жылда әлемнiң ең дамыған мемлекетiне айналған Жапонияның тәжiрибесiн үлгi етiп, Алаш мемлекетiн 20-25 жылда әлемнiң төрiне жеткiзудi көздеді. Ендеше ұлт жанашыры Әлиханның өзі көксеген Жапон елі әлемді басқа несімен қызықтыра алады?
Жалпы бұл елдің тұрмыс-тіршілігіне өзге елдер сырттай қызығушылық танытатыны жасырын емес. Тіпті кезінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан «Мэйдзи бағдарламасын» жүзеге асыруды қолға алып, қазақ еліне үлкен жоспар құрған. Алаш көсемінің жоспары бойынша, артта қалған аграрлық елден 21 жылда әлемнiң ең дамыған мемлекетiне айналған Жапонияның тәжiрибесiн үлгi етiп, Алаш мемлекетiн 20-25 жылда әлемнiң төрiне жеткiзудi көздеді. Ендеше ұлт жанашыры Әлиханның өзі көксеген Жапон елі әлемді басқа несімен қызықтыра алады?
Неліктен «Күншығыс елі» деп атайды?
Тарих беттеріне көз жүгіртсек, ертеде жапондар өз елін «Ва» немесе «Вагоку» деп атаған. Ал бүгінде Жапония ресми түрде «Ниппон коку» немесе «Нихон коку» деген атауға ие болып, тікелей аудармасы «Күннің Отаны» деген ұғымды береді. «Ниппон және Нихон коку» атаулары жапондықтар арасында бүгінге дейін қолданылып келеді.Бір қызығы, осылай жапондарды алғаш рет Қытай императоры атаған екен. Бұл жапон императоры мен Қытайда билік құрған Суй династиясының императоры арасында хат алмасу деректерінде келтіріледі. Ал елдердің географиялық орналасуына мән берер болсақ, шындығында, Жапония Қытайдың, тіпті кез келген Азия елдерінің шығысында орын тепкен. Демек жапондар күннің шығуын бәрінен бұрын тамашалай алады. Жапония үкіметі осы тарихи және географиялық негізге сүйене отырып, 1870 жылы мемлекеттік жалауына қызыл түсті күннің бейнесін енгізеді.
Жапонияның күншығыс елі деп аталуында тағы бір себеп бар. Жапондар Күннің шығуын даму мен жарқын болашаққа теңейді. Сонымен қатар күннің нұрына бірінші болып бөленетіндіктерін ескеріп, өздерін Күннің таңдауы деп біледі. Мінекей, елдің бейресми атауы осылай қалыптасқан.
Аниме ел экономикасын көтеруде
Жапондарды тағы бір әлемге танымал етер ерекшеліктерінің бірі – Жапон анимациясы. Аниме – өзіндік стилін қалыптастыра білген, миллиондаған көрермені бар ерекше жанр. Бастапқыда аниме оқи алмайтындар, не оқығысы келмейтіндерге арналған еді. Бірақ уақыт өте келе аниме танымал бола бастады. Осылайша Жапония мәдениетінің үлкен бір бөлшегі атанды.
Анименің басқа, қарапайым мультфильмдерден айырмашылығы көрермендері тұрақты балалар емес, орта жасқа да және үлкендерге де арналған. Аниме суретпен салынған кейіпкерлерімен ерекшеленеді. Көрерменге арналған серия түрінде және жеке қызығушыларға арналған арнайы фильм ретінде де көрсетіледі.
Ел тарихындағы ең табысты аниме ол – режиссер Хаяо Миядзякидің «Әруақтар әкеткен» анимесі. Фильм әлемдік прокатта 275 миллион АҚШ долларын жинаған. Осылайша елдің экономикасына зор үлесі тиген.
Елдің экономикасына пайдасын тигізіп отырған аниме мұнымен шектелмейді. Себебі жоғарыда аталған санға жуықтаған қаржы жинаған басқа да, көптеген анимелер бар.
Ғасыр жасаушылар саны артқан
Жапония – халықтың өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшы ел саналады. Олардың орташа өмір сүру деңгейі 88 жасқа жуықтайды. Тіпті 2020 жылы елдегі жүз жастан асқан қарттар саны – 80 000 мыңнан асып түскен. Бұл – елдегі әрбір 1500 адамның бірі жүз жастан асқанын білдіреді. Кейінгі 70 жылдағы әлем халқының өмір сүру ұзақтығы артқанын ескерсек, ғалымдар жапондардың көрсеткіші таңғаларлық екенін айтады.
Қазір Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы 84,2 жасты құрайды. Бұл экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деректері бойынша барлық елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА