Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ға уақытында қатыса алмағандарға қандай мүмкіндіктер қарастырылған

ҰБТ-ға уақытында қатыса алмағандарға қандай мүмкіндіктер қарастырылған

Қандай да бір ауыр жағдайға тап болып, Ұлттық бірыңғай тестілеуді уақытылы тапсыра алмаған түлектерге не істеуге болатынын Астанадағы Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттық Бірыңғай тестілеуді тапсыру бойынша алдыңғы жылдары кейбір қиындықтар болғанын білесіздер. Мысалы, балаларда әртүрлі қиын жағдайлар болып қалуы мүмкін. Ауырып қалуына немесе жақындарының қайтыс болуына байланысты немесе тағы да басқа келеңсіз жағдайға, жол апатына байланысты тестілеуге қатыса алмай қалған жағдайлар болды. Осындай жағдайға тап болған түлектер амалсыздан ҰБТ-дан қалып қойып жатты», - деді ол. Биыл мұндай жағдайларға ұшыраған азаматтарға Білім және ғылым министрлігі жаңа мүмкіндік беріп отыр. «Егер сол елдімекенде ҰБТ өткізіліп жатса, онда олар тиісті құжатты тапсырып, басқа күні ҰБТ-ны тапсыруына болады. Егер сол уақытта ҰБТ бітіп қалса, онда олар кешенді тестілеу кезінде тапсыра алады. Демек, бұның бәрі мектеп түлектеріне қосымша жағдай жасау үшін істелуде», - деді Асхат Аймағамбетов. Айта кетсек, биыл 146 мың мектеп бітірушінің 96 963 мыңы ҰБТ тапсыруға өтініш білдіріп отыр. Олардың 80 пайызы, яғни 73 мыңы тестті қазақ тілінде тапсыруға бел байлаған.


03 мамыр 2018 ж. 1 094 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930