Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтардың жаңа арбауына алданып қалмаңыздар

Алаяқтардың жаңа арбауына алданып қалмаңыздар

Қаржы алаяқтарының схемалары күннен күнге түрленіп, көп жағдайда оларды бірден ажыратып, тануға мүмкін болмай жатады. Fingramota.kz-пен бірлесіп олардың кейбіреулерін қарастырайық.
№1схема. Тіл үйрететін жалған курстар.
Қаржы пирамидалары мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы барынша қарбанып, тіл үйрету курстарына шақырулар жіберуде. Шет тілдеріне оқытудан басқа олар клиенттерге әріптестікбағдарламалар ұсынады, ондағы басты талап- компанияның өнімін жеке пайдалану немесе сату мақсатымен сатып алу. Алайда, ол үшін алдымен белгілі бір қызметтер топтамасына N сомада ақша салу қажет. Сату және жаңа адамдарды тарту нәтижелері бойынша ең белсенді қатысушыларға банк салымдары бойынша кірістіліктен асатын жоғары сыйлықақы немесе автомобильге кепілдік беріледі мыс.
Әдетте, қаржы пирамидалары бүркемеленетін мұндай схемалардан басқа, өтірікті анықтайтын детекторсыз-ақ,олардың алаяқтық әрекеттерін бірден ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі белгілері болады:
- міндетті кіру жарнасы;
- жоғары кірістілік, жеңіл және жылдам табыс;
- интернетте, әлеуметтік желілерде, соның ішінде WhatsApp, Telegram арқылы жарнамалық кампания арқылы жаңа қатысушыларды белсенді тарту;
- басқа қатысушыларды тартқаны үшін сыйақы туралы уәде беру;
- компанияның қаржылық жай-күйі туралы нақты ақпараттың болмауы;
- қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болмауы.
Кеңес: Тәуекелдерді айналып өтудің жалғыз жолы – күмәнді компаниялардың мұндай ұсыныстарын мүлдем елемеу. Ақшаңыздан айырылмас бұрын, осы компания туралы, оның қанша уақыт жұмыс істегені, өз қызметін жүзеге асыруға тиісті лицензиясының бар-жоғы туралы ақпарат жинаңыз. Егер наразы немесе қарсы пікірлер көп болса, онда бұл сізді кезекті қаржы пирамидасына тартып жатыр ма деген күдіктенуге себеп болады.
Әр түрлі жоғары кірісті жобаларға қатысты кез-келген ақпаратты әрдайым сыни тұрғыдан бағалаңыз, әсіресе, егер сізге жоғары пайыздар, кейде күнделікті кірістер, сондай-ақ сіз тартқан әрбір адам үшін бонустар уәде етілсе, бұл қаржы пирамидасының айқын белгісі.
№2 схема. IPO тақырыбы бойынша жалған жарнама.
«Сәлеметсіз бе, мен алаяқтарға тап болдым. Қазмұнайгаздың жарнамасын көріп, маған инвестиция салуды ұсынған сілтеме бойынша өттім. Мен салған жалпы сома 5 500 000 теңгені құрады. Енді оларды таба алмаймын. Мен не істеуім керек?» - мұндай өтініш ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы келіп түсті.
Бүгінгі таңда интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде, сондай-ақ YouTubeбейнехостингінде инвестициялық жобалардың алаяқтық жарнамасы белсенді түрде насихатталуда, олардың құрушылары азаматтарды елдің ірі компанияларының IPO-сына қатысуға шақырады.
Жарнамалар мен бейнероликтер:«Мемлекеттік бағдарлама бойынша елдің ұлттық байлығынан төлемдер алу мүмкіндігін пайдаланыңыз!», «Дереу төлемдералыңыз, сілтеме бойынша тіркеліңіз!» - деп мұндалап тұр. Бүгін соңғы күн, сілтеме бойынша шұғыл тіркелу керек-мыс.
Олардың жарнамаларына барынша көп адам сенуі үшін қаскүнемдер танымал тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің, елдің ұлттық компаниялары мен қаржы ұйымдары басшыларының, қоғамдық пікір басшыларының есімдерін, суретін, бейнежазбасын пайдаланады. Қылмыскерлер түпнұсқа аудио хабарды ауыстыра отырып, жалпыға қол жетімді бейнероликтерден алынған бейнекадрларды пайдаланады.
Сенгіш азаматтар оған жеке мәліметтерін: e-mail және ұялы телефон нөмірін қалдырғаннан кейін, біраз уақыттан өткен соң алаяқтар оларға қоңырау шалып, әлеуметтік инженерия әдістерін қолдана отырып, олардың басын қатыра бастайды. Олардың мақсаты азаматтардың толық банктік деректемелерін алу болып табылады, содан кейін алаяқтар олардың шоттарынан ақша шығарып және олардың атынан сырттай кредит ресімдей алады.
Мысалы, алаяқтық платформалардың бірінде «елдің табиғи ресурстарын сатудан дивидендтер» алу үшін адамдар бейнежазбаның астындағы тікелей сілтеме бойынша өтіп, өздерінің банк картасының деректерін енгізіп, апта сайын 150 мың теңге алу үшін 65 мың теңге салуы қажет. Шындығына келгенде салынған қаражатты қайтару туралы айтпағанда, ешқандай пайыздық төлем болмайды: адамдар тақырға отырады, ал «инвестициялық компанияның» өкілдері барлық байланыс арналарын өшіріп, ғайып болады.
Кеңес: Алаяқтардың арбауына бой алдырмаңыз және сізге түсініксіз сілтемелерге өту немесе бейтаныс адамдарға, соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ақша аудару ұсынылған кезде өте мұқият әрі сақ болыңыз.
Әрдайым барлық ақпаратты екі рет тексеруді әдетке айналдырыңыз, тек компаниялардың ресми сайттарына және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарға кіріңіз. Күмән туындаған жағдайда, әрқашан ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне консультация алу үшін:
- «1459» нөмірі бойынша Call-орталыққа;
- www.fingramota.kz сайтындағы «Онлайн-консультант» сервисіне;
- AppStore және PlayMarket арқылы жүктеуге болатын «
19 қазан 2022 ж. 344 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930