ЦентрКредит Банкі жеке тұлғалардың депозит өсімі бойынша бірінші орынға көтерілді
Қазақстанның Ұлттық банкі 2022 жылдың тамыз айы бойынша банк мәліметтерін жариялады. Деректерге сәйкес депозиттің ең жоғарғы өсімін ЦентрКредит Банкі көрсеткен. Өсім 74 миллиард теңгеге тең, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Елдегі 20 банк арасында жүргізілген сараптамалық есеп бойынша депозит өсімі ЦентрКредит Банкінде жоғары болған. Бір айда банктегі жеке тұлғалардың депозит портфелі бірден 6,5%-ға артқан.
"Банк таңдау кезінде клиент сенімділік, жұмыс тұрақтылығы мен қаржылық мәселелерді жылдам шешуге назар аударады. Қазақстандықтар жеке қаржыларын тек үздіктерге ғана сеніп тапсырады. Біз жоғары нәтиже көрсетіп, ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатып, алға нық қадамдар жасап келеміз. Сенім артқаны үшін барлық клиенттерге алғыс айтамыз", – деді ЦентрКредит Банкінің басқарушы директоры Павел Кравченко.
Банктегі ең танымал салым "Менің мақсатым" деп аталады. Бұл – нәтижеге жетуге жігерлендіретін қарапайым және ыңғайлы депозит. Мақсатқа қол жеткізу үшін депозит мерзімі мен жинақ сомасын да белгілеуге болады. Депозитті өзіңіз толтыруға немесе жинақ бойынша үдеткіштердің бірін қоса аласыз. Сонымен қатар шотқа қаржыны автоматты түрде аудару үшін тұрақты төлемді қосу мүмкіндігі қарастырылған.
ЦентрКредит Банкі – депозитті міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы. Мемлекет депозиттің сақталуына кепіл болады. Салымдар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған. Сондай-ақ 23 ақпанға дейін ашылған тенге депозиттеріне өтемақы төлеу бағдарламасына қатысады.
Бұған дейін банктің нәтижелері халықаралық ұйымдар тарапынан да оң бағаланған. S&P және Moody’s несие рейтингін көтерді. Банктің мобильді қосымшасы – BCC.KZ елдегі қаржы институттарының қосымшалары арасында көшбасшы атанды (MarksWebb нұсқасы бойынша).
Лицензия №1.2.25/195/34, 03.02.2020, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген.