Қазақстандықтар депозиттерін шетелдік банктерге салуда
Қазақстандықтардың депозиттері ақырындап шетелдік банктерге салынып жатыр: екінші дәрежелі банктерге жекелей салым үлесі 10 пайыздан 11 пайызға өскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
2017 жылдағы салым мөлшері 3,4 пайызға – 16,7 трлн теңгеге дейін бірнеше жылға қысқарды. Корпоративтік салымдар 9,7 пайызға – 8,5 трлн теңгеге дейін қысқарып, жекелей салымдар 2017 жылы 4 пайызға – 8,2 трлн теңгеге дейін өскен.
Нәтижесінде жеке тұлғалардың ҚР екінші дәрежелі банктеріне салған депозиттерінің арасалмағы бір жыл ішінде 45,8 пайыздан 49,3 пайызға дейін өскен.
2018 жылдың 1 қаңтары күні ҚР банк секторы 32 екінші деңгейлі банкті таныстырса, оның 13-і шетелдік банк. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі шетелдік банктерге депозит салатын жеке тұлғалардың салым үлесі жылдан жылға өсіп келеді, яғни 2016 жылы 9 пайыздан 10,2 пайызға, ал 2017 жылы 10,9 пайызға өсті. 2017 жылы жекелей салым мөлшері 11,6 пайызға – 898,9 млрд теңгеге өскен, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 29,3 пайызға көбейгендігі байқалады.
Жеке тұлғалардың депозиттері түгел дердік ресейлік банктерде ашылған. ҚР екінші деңгейлі 32 банк ішінде Сбербанк жеке салым бойынша 4-орында тұр. Оның үлесі 8,5 пайызды құрайды.