Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халқының туған бағына

Халқының туған бағына

Сейсенбіде Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында талай ерлік жасаған қолбасшысы, әулие Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған Арықбалық шайқасының – 165 жылдығына және батыр баба кесенесінің 30 жылдығына орай «Халқының туған бағына, Батыр баба Жанқожа» атты рухани-танымдық шара өтті.
Өскелең ұрпаққа баба ерлігін насихаттау мақсатында қолға алынған кештің құрметті қонағы болып, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Оразғали Бекбанов пен облыстық мәслихат депутаты Мінәжадин Өтеев және аудан әкімі М.Әуесұлы қатысты.
Кешке жиналған қауым назарына кесене кіре­берісіндегі қылқалам шеберлерінің белгілі тақырыптағы көрмесі ұсынылды және арнайы қазандарға бауырсақтар пісіріліп, ниеттеп келген әрбір жан дәм татты.
Онан соң Жанқожа баба және «Арықбалық шайқасында» жанын пида еткен жауынгерлер рухына құран бағышталды.
Мазмұнды шара Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздарының театрландырылған қойылымымен жалғасты. Айта кетейік, қойылымдағы кейіпкерлер сөзін жазған «ҚР Журналистер Одағының Мүшесі» Жұмабек Табынбаев және сахналаған Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің режиссері Бақытбек Макеев.
Көрермен көңілінен шыққан көріністен соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сахна төріне көтеріліп, құттықтау сөз сөйледі.
– Жанқожа Нұрмұхамедұлы бабамыздың есімі өктем жауға қарсы азаттық туын көтеріп, өмірінің ақырғы күніне дейін аттан түспеген батыр ретінде біз үшін әрдайым жоғары тұрады. Биыл тарихта «Арықбалық шайқасы» деген атаумен қалған көтеріліске 165 жыл толды. Ал, Қазалы ауданындағы киелі орындардың бірі саналатын Жанқожа баба кесенесінің салынғанына 30 жыл болып отыр. Қазалылықтар үшін киелі осынау кесене тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, қиын-қыстау кезеңде салынды. Соған қарамастан халық жұдырықтай жұмылып, аз ғана уақыттың ішінде сапалы етіп аяқтады. Халықпен бірге болып, құрылыс жұмыстарына белсенді атсалысқан азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін, – деді М.Әуесұлы.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы кесене құрылысына белсенді қатысқан бірқатар азаматтарды «Алғыс хаттармен» марапаттап, халықтың атынан ризашылығын білдірді.
Танымдық шарада Самұрат Имандосов та құттықтау сөз сөйлеп, кесенені салу барысындағы еткен еңбекті, халықтық іске қазалылықтардың жұдырықтай жұмыла білгенін тілге тиек етті. Игі шара санада ауыр зардабы қалған сол Арықбалық шайқасындағы Жанқожа батыр бастаған сарбаздардың ерлігін дәріптеу, өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке баулу, өткен тарихымызды қастерлеу мақсатында өткізіліп отырғандығын да жеткізді.
Рухани шара мұнан әрі жыршылар мен жазба ақындардың фестиваліне ұласып, өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.
Айта кетейік, Қазалы бекінісі түбінде орыс патшасының озбырлығына қарсы Жанқожа батыр бастаған көтеріліске 7 мыңдай адам қатысқан. Ақтық шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Фитингоф бастаған жазалаушы әскермен Арықбалық жерінде өткен.
Серік АҚМЫРЗА
24 қыркүйек 2022 ж. 329 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930