Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі қорасы өртенген тұрғындармен кездесті

Аудан әкімі қорасы өртенген тұрғындармен кездесті

Соңғы екі тәуліктің ішінде Ғани Мұратбаев атындағы ауылда 6 өрт оқиғасы тіркеліп, тұрғындарға зиянын келтіруде.
Кеше елді мекеннің Қуандық әулие көшесіндегі 2 тұрғынның қорасы өртке оранса, бүгін Қуандық әулие және Қорқыт ата көшелерінен тағы да 4 қора өртенді. Барлық үйдегі қоралар түгелімен өртеніп, қысқа түсіріп қойған шөптері жанып кеткен.
Қазіргі таңда барлық өрт толығымен өшіріліп, жағдай бақылауға алынған. оқиға орнында 3 «Камаз» жүк көлігі мен 1 погрузчик техникасы тазарту жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ғ.Мұратбаев ауылына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Тиісті сала басшыларына өрт оқиғасынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Кабизов өрттен зардап шеккендер жоқ екенін айтып, өрттің шығу себептері анықталып жатқанын жеткізді.
#Қазалы
20 қыркүйек 2022 ж. 321 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 136

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 140

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 121

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 123

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031