Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ға психологиялық дайындық та қажет

ҰБТ-ға психологиялық дайындық та қажет

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқан еді Елбасы. Бүгінде мектеп партасында отырған оқушының баянды болашағына жолдама беретін тетіктің бірі – Ұлттық біріңғай тестілеу. Сондықтан, ҰБТ-ға балалардың психологиялық тұрғыда дайындығы маңызды болғандықтан, білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтарға зор жауапкершілік жүктеледі.
Аудан педагог-психологтары оқушылардың мінез-құлқының қалыптасуына, өзін-өзі бақылау дағдысын, өзіне сенімділігін арттыруға, төзімділік, алаңдаушылық, депрессиялық, эмоциялық жағдайларын басқара білуде психологиялық қолдау көрсетіп келеді. Әрбір бітіруші түлекпен «Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?», «Бейіміне қарай мамандық таңдау», «Стресспен қалай күресу керек?», «Өзіңді оят, дабыл қақсын арманың» тақырыбындағы психологиялық тренинг жаттығулары апта сайын жүргізілуде. Сонымен қатар, ұстаздар мен ата-аналарға жиі психологиялық кеңестер беріледі. Яғни баланың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отыруға, баланың жан дүниесін түсінуге, қатты шаршап қажуына жол бермеуге, сабаққа дайындалуда күн тәртібін реттеуге, дұрыс тамақтануына, оның ішінде көбіне грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, жеміс-жидектерді, шокаладты беріп отыру қажет екендігі айтылуда. Баланы күніге он екі рет құшақтауға кеңес берілді.
ҰБТ кезінде оқушылармен қарым-қатынас жасау барысында ұстаздарға мынадай кеңестер ұсынылады: пән бойынша тақырыптарды күндерге бөліп жоспарлауға, тапсырманы орындау кезінде уақытты дұрыс пайдалануға, әрқашан оқушыны мадақтап отырса, өзіне деген сенімділігі артатындығы, сабырлықпен жұмыс істеуге дағдыландырып отыру керек.
«Бала жеңісі – ұстаз бен ата-ана жемісі» дегендей, барлық бітіруші түлектерге сәттілік тілейміз!
Бақыткүл ОРАҚБАЙ,
№104 орта мектебінің
педагог-психологы
09 сәуір 2018 ж. 3 260 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 43

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 34

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031