Озат орталық өрге сүйрейді
Әлемнің алпауыт елдерінде қазба байлықпен айналысатын алып компаниялар аз емес. Соның ішінде АҚШ-тың Лос Анжелес қаласында 1873 жылы іргетасы қаланған – Шеврон компаниясының алатын орны ерекше. Бүгінгі күні мұнай химия өнімдерін өндірумен бірге оларды бөлшек сауда бағасымен сату ісімен де айналысатын «Шеврон» компаниясының дүниежүзілік мұнай өндіру саласында үлесі мол. Сондай-ақ елдегі түрлі саланы қолдауда, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда компанияның жасаған жұмыстары ұшан-теңіз. Қазақстандағы мұнай өндірісінің үштен бір бөлігін өндіретін, жалпы экономиканың дамуына үлесі үшін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік бағдарламалары үшін де Қазақстандағы ең беделді компаниялардың бірі саналатын «Шеврон» компаниясының мемлекеттегі қызметіне биыл 29 жыл толды.
Корпорация 90-нан астам мемлекетте жұмыс істейді. 23 елде мұнай мен табиғи газды барлап өндіреді. Бұл мемлекеттердің ішінде Қазақстан да бар. Шеврон Қазақстандағы ең ірі жеке меншік мұнай өндіруші компания болып саналады. Сонымен қатар бірнеше жобаларға қатысады.
Әлгінде айтқандай, компания түрлі серіктестіктермен бірлесіп жұмыс жасайды. Мәселен, «American Space Almaty» Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының жобасы. АҚШ Консулдығының басқаруында. Мемлекетімізде ең ірі кеңіст3ктің және қоғамдық дипломатия алаңы болып табылады. Ол 2017 жылы қазан айында ішінде «Makerspace Almaty» инновациялық технологиялық хабымен Smart.Point бизнес орталығының 1-ші қабатында ашылған.
Былай ғой, Америкалық кеңістіктер – 650-ден астам мемлекетте орналасқан. Яғни жергілікті тұрғындарға ашық және тегін америкалық стильдегі ресурстық орталықтар. Әдетте, дүниежүзі бойынша, Америкалық орталықтар АҚШ елшілігімен немесе консулдығымен басқарылады. Университет, кітапхана сияқты жергілікті мекемелерде немесе үкіметтік емес ұйымдарда орналасқан. Ал Қазақстанға тоқталсақ, елімізде осындай Америкалық орталықтар 9 қалада орналасқан. Атап айтсақ, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Орал, Өскемен, Қостанай, Ақтөбе және Петропавл қаласында бар. Бұл дегеніміз, әуелде сөз еткен «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып жасалып жатқан жұмыс.
Осы ретте «бұл орталық немен айналысады?» деген заңды сұрақ туындайды. «American Space» қызметінің аясын толығырақ түсіндіре кетейік. Орталық ерікті және тегін оқыту жобалармен қатар өз ауызекі тілдерін топта жақсартуға ұмтылатындарға ағылшын сөйлесу клубтарын, тегін онлайн сабақтар, кино және дебат клубтарын, үстел ойындар жиынтығын, әдеби және ағылшын тіліндегі халықаралық емтихандарына (IETLS, TOEFL, GMAT, GRE, SAT) дайындалу құралдарын ұсынады.
Ал бағанағы «Makerspace» бағдарламасы – Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен «Шеврон» компаниясының біріккен жобасы. Серіктестіктің мақсаты жастардың бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік туғызу. Сондай-ақ, «STEAM» бағдарламасы бойынша қала тұрғындарын оқыту және жаңа бәсекелес мамандар әлеуетін кеңейтуді қамтиды.
«Makerspace» бағдарламасының қызмет аясы кең. Мұнда жастар мен жасөспірімдерге арналған инновациялық жобалар мен бағдарламалар алаңы. Оның ішінде «STEAM» бойынша білім беру ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM – Science, Technology, Engineering, Art and Mathematics) сияқты салаларда бір уақытта дағдыларды дамыта отырып, оқытудың интеграцияланған және пәнаралық әдісіне негізделген.
Сонымен қатар «Makerspace» ғылым, технология, инженерия, өнер және математика саласындағы қызметті кеңейтуге бағытталған. Жастарды әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға және жоғары технологиялық ресурстарға, инновациялық бағдарламаларға, іскерлік байланыстарға, тәжірибелі тәлімгерлерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 3D принтермен, робототехникамен, электроникамен, ғылыми тәжірибелермен, гаджеттермен, STEAM-ның басқа да заманауи құралдарымен жабдықталған зертхана есігі жастарға да, ересектерге де ашық. Бұл дегеніміз, жас ерешелігіне қарамастан түрлі бағытта қызмет алуға болады.
Егер аталған осы екі жоба аздық етеді десеңіз, «Urbanitarium» білім беру жобасынынан да ақпар алсаңыз артық етпейді. Мәселен, бұл жоба «Шеврон» компаниясы мен АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының атқару барысындағы «Makerspace Expands!» атты мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында атқарылады. Курстың серіктестері Жәния Әубәкірованың авторлық мектебі Қайнар бұлақ Алматы менеджмент университеті кеңістігі. Яғни Urban Forum Kazakhstan 2015 жылдан бастап қалалардың қолайлы болуы, олардың дамуы – әділ, ал қабылданатын шешімдер – сапалы болуы үшін жұмыс жасайды.
Жас ерекшеліктерге қарап орта жас пен үлкен жас арасындағы қажетті жобалармен қанық болдық. Осы қатардағы тағы бір таптырмас жоба «Young citizen scientists» жобасы. Мұнда экологиялық хабардарлықты арттыру және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға қызығушылықты арттыру және ғылымды танымал ету мақсатында 13-17 жас аралығындағы оқушыларды Алматы қаласының Бас ботаникалық бағының аумағындағы «Young citizen scientists» бағдарламасына қатысуға тартқан.
Бұл біз білетін аты әлемге белгілі «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып жасалып жатқан ауқымды жұмыстың бір парасы ғана. Ал мұнан бөлек атпал азаматтардың бастамасымен жасалып жатқан жобалар аз емес. Егер елде әрбір қазақстандық үшін тиімді орталықтар көптеп ашылатын болса, артық болмасы анық.
Абзал ЖОЛТЕРЕК