Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманаттықтардың партия тұғырнамасына сәйкес ұсыныстары тыңдалды

Аманаттықтардың партия тұғырнамасына сәйкес ұсыныстары тыңдалды

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев партияның кезектен тыс XXII Съезінде партияға жаңа тұғырнама қажеттігін атап өтті. Осы ретте «AMANAT» партиясы өңірлерде бірқатар кеңестер өткізіп, партияның жаңа саяси тұғырнамасын әзірлеу жұмыстарын бастап кетті.
Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында партияның жаңа саяси тұғырнамасы бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, жиын барысында талқыланды.
Жиында аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жаппарбергенұлы сөз алып, стратегиялық құжаттың уақыт ағымына сай, сапалы, терең әрі жан-жақты болуы саяси бірлестіктің нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей ықпал ететіндін атап өтті.
Талқылау барысында қатысушылар тарапынан да бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Атап айтқанда саяси құжаттың мәтіні қысқа, қарапайым және әрбір азаматқа түсінікті тілде жазылуы, жастарға түсінікті әрі қызықты болуы, халық үніне құлақ асатын естуші партия және экономикалық даму т.б. тақырыптарда ұсыныстар берілді.
Айта кетейік, саяси тұғырнама жобасын әзірлеу үшін көпшіліктің талқылауына ұсынылып, пікірлер жинақталған соң партияның ақпараттық ресурстарында жарияланып, жақын күндері өтетін республикалық партия конференциясында қабылдануы жоспарлануда.
#AMANAT
06 қыркүйек 2022 ж. 707 0

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 153

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 229

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031