Аудандық партия активі өтті
Өздеріңіз білетіндей 28 қаңтарда өткен партияның кезектен тыс 22-ші Сьезінде Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында дайындалған 7 басым бағыттан тұратын бағдарлама талқыланып, сьезд делегаттарымен мақұлданды.
Сонымен бірге, сьезде партия атауын «AMANAT» деп өзгерту ұсынысына, Партия Төрағасы қолдау білдірді және жаңа атауды сьезд делегаттары да бірауыздан қолдады. Сьезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді.
Бүгін жаңа Қазақстанды құру жолында жаңа партияның қызметін жаңғырту бойынша партия активі өткізілді.
Партия активіне, Қазалы ауданының әкімі, партия төрағасы Мұхтар Оразбаев, мәслихат хатшысы Бақытжан жарылқап және партия филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев пен партия ардагерлері қатысты.
Жиын барысында, партияның жұмысын жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы партия филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев хабарлама жасады.
Сонымен қатар, партияның бүгінгі күнге дейін жетістіктері және жаңғыру жұмыстарын қолдауы туралы партия ардагері, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының басшысы Талайлы Бөріқұлақов баяндама жасады.
Сонымен бірге партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Ғазиз Әлмамбетұлы мен жас депутаттар корпусының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Жанат Нұрсұлтанқызы сөз сөйледі.
Жиын соңында, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жасалған хабарламаларды негізге ала отырып, партия филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаевқа тапсырмалар жүктеді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат