Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл ажары артып келеді

Ауыл ажары артып келеді

Аранды ауылдық округіне қарасты екі елді мекенде 360 отбасы тұрады. Округ әкімі Әбілғазы Томаевтың хабарлауынша, округте 1 ЖШС, 1 өндірістік кооператив, 12 шаруа қожалығы, 9 аралас заттар дүкені, 9 сауда нүктесі, 24 мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер, 1 наубайхана, 1 монша, 4 құс шаруашылығы, әртүрлі қызмет көрсету түрлерімен айналысатын 15 жеке кәсіпкер бар.
– Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан мал шаруашылығын дамыту үшін ауыл тұрғыны Бақыт Көбеков 1,800 мың теңге көлемінде қаржыға құжаттарын дайындаған болатын, кепілге қоятын тұрғын үйінің арзан бағалануына байланысты тоқтап тұр. Ал көп балалы ата-ана Самат Өтжанов малшаруашылығын дамыту, мал басын көбейту саласы бойынша 1225 мың теңгенің грант жобасын қорғап, ұтып алып, 2 сиыр алды. «Бизнестің жол картасы – 2025» жобасы аясында грант алу үшін басқа да ауыл тұрғындары кезектіліктерін күтуде.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 23 ауыл тұрғыны «Бастау-Бизнес» жобасында оқыды, соның ішінде 6 адам грант жобаларын қорғап шықты. Жұмыссыз 4 маман жастар практикасына жіберілді. 18 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды және «Жасыл ел» еңбек жасағына 4 жұмыссыз жас алынды. 7 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, – деді ауыл әкімі бізге берген сұхбатында.
Ауылда ауыл шаруашылығы айтарлықтай алға жылжып келеді. Қазір бұнда 19267 мүйізді ірі қара, 4058 уақ мал, 1197 жылқы, 30 бас түйе бар. Барлық мал басы «Жасыл дәліз» бойынша бірдейлендіріліп, базаға енгізілген. Мал жайылымдық жерлер мен шабындық жерлерге (көлдерге) экологиялық тегін су жіберіліп, суландырылған. Осы жылғы индикативті жоспарға сәйкес көкөніс, бақша дақылдарын егіп, су тапшылығына байланысты бір каналдың бойына орналасқан. Қауын шыбынына қарсы дәрілеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Елуге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Агро-Өркен» ЖШС биылғы жылға 650 гектар күріш, 316 гектар жаңа жоңышқа, 130 бидай егіп, 508 гектар ескі жоңышқаны күтімге алған. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары да көңіл көншітеді.
– Қожабақы ауылында салынған парк аумағын абаттандыру жұмыстарына 26255 мың теңге және ауылішілік аяқсу насосына жанар жағар май алуға 800 мың теңге қаралды. Ал Аранды ауылына сол елдің тумасы, Есік қаласында тұратын Берік Сыдықов 50 миллион теңге өз қаржысына имандылық үйі Мешіт салып берді. Туған жерден түлеген тағы бір азамат, белгілі кәсіпкер, Қызылорда қаласының тұрғыны Темірхан Кенжебаев 30 миллион теңгеге саябақ пен балалар ойын алаңының құрылысын жүргізуде.
Қожабақы ауылын көркейту-көгалдандыру мақсатында аптасына 4 реттен 3 насоспен су айдалады. «Бірге Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 4 рет сенбілік ұйымдастырылды. Округ бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған 18 адам ауылдың санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда. Барлық мекемелер өз аулаларын, су жүретін арықтарын тазалауда, әр аптаның сенбі күндері санитарлық тазалық күні болып белгіленді. Аранды ауылын көгалдандыру үшін, СНП 500/10 дизель насос орнатылып, 1,3 км арық қазылып, су жолдары дайындалды. Осы ауылдан 1 бұлақ қазуға қоғамдастық мүшелерінің келісімі алынып, бұлақ қазылатын жер белгіленді. Сонымен қатар «Откорм базы» мен «Мәулімберлі» скважиналарының техникалық құжаттары жасалынып үстіміздегі жылы осы екі скважинаға тазалау жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде, – дейді ауыл әкімі.
Қожабақы ауылындағы №25 орта мектепте 18 сынып комплектісі бар. 52 мұғалім және 34 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мектепте 336 оқушы бар. 17 оқушы биыл бітіріп, ҰБТ-да бақ сынады. Түлектердің барлығы да грантпен жоғарғы оқу орындарына түсті. Ал Арандыдағы №97 орта мектепте 11 сынып комплектісі бар. 37 мұғалім және 41 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мектепте 107 оқушы бар, 4 оқушы биыл бітірді. ҰБТ-ға қатысқан бір шәкірт 103 балл жинады және грантпен ЖОО-на түсті.
Мектеп жанынан ашылған «Арай» шағын орталығы жұмыс жасайды. Орталықта 22 бала тәрбиеленіп жатыр. Қожабақы дәрігерлік амбулаториясында 1 дәрігер, 22 мейіркеш, 10 техникалық қызметкер еңбек етеді. Аранды ауылдық медициналық бекетінде 1 фельдшер, 3 техникалық қызметкер бар.
Ауылдағы 90 орындық №17 «Айгүл» бөбекжай-балабақшасында 90 бала тәрбиеленуде. Оларға 14 педагог-қызметкер тәрбие мен білім береді. Қожабақы ауылдық кітапханасында 12 933 дана кітап қоры бар. Жыл басынан бергі оқырмандар саны 219 адам, оның ішінде 95-і мектеп оқушылары. Аранды ауылдық кітапханасында 10 мың дана кітап қоры бар. Жыл басынан 97 оқырман келсе, оның 25-і оқушылар.
– Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ. Ауылдық округі бойынша жыл басынан бері әртүрлі деңгейдегі 45 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып тиісті заңға сәйкес шаралар қабылданды.
Атқарылған істер аз емес, алда жоспарланған жұмыстар да жетерлік. Мәселен, шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатымыз. Аранды ауылындағы Н.Қазақбайұлы көшесіне түнгі жарық шамдар жүргізіу де жоспарда бар. Қожабақы ауылындағы аяқ су көтеретін екі электрлі насостың тозығы жеткен, жиі істен шығады, сондықтан жаңа элекронасос алыну керектігі де күн тәртібіндегі мәселе, – дейді алдағы жоспарымен бөліскен ауыл әкімі Әбілғазы Томаев.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

06 қыркүйек 2022 ж. 355 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930