Өркенді істің өресі кең
Есеп беру кездесуі сәрсенбі күні Майлыбас ауылдық округінде болды. Бұл аумақта жеті елді мекен орналасқан. 2019 жылға бюджеттен бөлінген қаржы жыл қортындысы бойынша толық игеріліп, тиісті жерге жұмсалған.
Жұмыспен қамту жақсы жолға қойылған ауылда 49 кәсіпкер бар. Мұнда 1 наубайхана, 2 ЖШС, 1 мал бордақылау алаңы, 24 шаруа қожалығы халыққа қызмет етеді. Былтырғы жылы кірістер басқармасына 8 азамат тіркеліп, жаңадан кәсіп бастаған.
“Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәіпкерлікті дамыту” бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде “Бизнес кеңесші” жобасын 1 ауыл тұрғыны онлайн оқып, сертификат алды. “Бастау бизнеске” өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы 3 ауыл тұрғыны қатысып, екеуі несие алуға құжаттар тапсырған.
Округ бойынша 1241 ірі қара, 6753 уақ мал, 434 жылқы, 1151 түйе тіркелген. Барлық мал басы бірдейлендіріліп, базаға енгізілген. Өткен жылы мал тоғыту ваннасы қалпына келтіріліп, ауыл тұрғындарының қолдауы, аудандық ветеринария бөлімінің қатысуымен уақ малға профилактикалық-сауықтыру жұмыстары атқарылған.
2019 жылы ауыл орталығынан 90 орындық балабақша құрылысына 391 миллион теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тәуелсіздік көшесінің бойынан спорт алаңының құрылысы да басталып кетті.
Ақсуаттағы №100 орта мектепте 204 оқушы білім алса, мектеп жанындағы интернатта 35 оқушы тәрбиеленуде.
Ауылдық округ әкімдігі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа байланысты арнаулы іс-шара жасалып, тоқсан сайын мекемелер мен әкімдік қызметкерлері арасында құқықтық-ақпараттық оқу өткізілді.
Ауылдың болашаққа құрған жоспары айқын. Кәсіпкерлікке дем беру арқылы әртүрлі салаларды дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу өзектілігін еш жоймайтындығы белгілі. Сол себепті де ауылда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, жұмыссыздықты азайтып, тұрғындардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау негізгі бағдар болып қала бермек.
Округ әкімінің міндетін атқарушы Қазбек Қартабевтың жасаған баяндамасынан кейін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан көлемінде жыл бойына атқарылған жұмыстар жайына тоқталып, жеткен жетістіктер мен белгіленген мақсаттар туралы сөз қозғады. Мұнан соң аудан әкімі тұрғындардың тілек-өтініштерін тыңдап, тиісті орындарға тапсырма беретіндігін жеткізді.

* * *
Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі Алмат Қылышбаев та тұрғындарға атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Мұндағы бөлінген қаржы 99,8 процентке игерілген. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бекітілген жоспар толықтай орындалған.
Ауыл әкімдігі аппаратына жыл бойына 13 өтініш пен арыз-шағым тіркеліп, заңдылыққа сәйкес қанағаттандырылды.
Округ бойынша жалпы саны 21 кәсіпкерлік субъект жұмыс істейді. Жеке кәсіпкерлер Бауыржан Асқар мен Бекболат Қалымбет мал шаруашылығын дамыту мақсатында 4 миллион теңге несие алып, жұмысын өрістетуде.
– «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін Исамадин Насырадин мен Дінислам Мықтыбаев 505 мың теңге мемлекеттік грантқа қол жеткізсе, Ақтілек Мәжібай 252,5 мың теңге қайтарымсыз грант иемденіп, кәсіптерін дөңгелетуде.
2019 жылы жергілікті бюджеттен көркейту және абаттандыру жұмыстарына бөлінген қаржыға ауыл паспорты орнатылды. Және тұрғындардың кешкілік бос уақытта серуендейтін демалыс орны дайындалды, – деді ауыл әкімі.

Ауыл орталығындағы №78 орта мектепте 104 оқушы, мектепалды даярлық тобында 7 бүлдіршін, мектеп жанындағы шағын орталықта 20 бала тәрбие алады.
“Ақмешіт – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі аясында ауыл тұрғындары арасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық мәселе бойынша сұрақтарға жауап берілді.
Алдағы уақытта шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда бар. Көктемде бау-бақша егуге ауыл маңынан суармалы жер учаскелерін дайындау көзделген.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Бейсенбіде тұрғындар Шәкен ауылдық округінің әкімі Тимур Кемаловтың есебімен танысты. Шәкен ауылында 2019 жылға бөлінген қаражат өз дәрежесінде игерілген. Жыл ішінде әкімдікке 14 жеке және заңды тұлғалардан өтініш түсіп, тиісті заңдылыққа сай жауап берілген.
66 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 1 ЖШС, 2 ауылшаруашылық және селолық тұтыну кооперативі, 42 шаруа қожалығы мен 13 ауыл шарушылығы бағытындағы жеке кәсіпкер жұмыс жасауда.
2019 жылы жаңадан 11 кәсіпкерлік субъект тіркелді. “Бастау бизнес” жобасы бойынша 3 адам оқып, жобаларын қорғап шықты.
Кәсіпкерлік негізде оқыған 4 ауыл тұрғыны мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып, кәсібін дамытуға ден қоюда.
“Қазалы Несие” ЖШС кредиттік серіктестігінен “Агробизнес – 2020” бағдарламасы аясында жалпы құны 25 миллион теңгені құраған 2 жоба несиелендірілді. “Ауылшаруашылығын қолдау қорынан” 1 тұрғын “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы бойынша 2,4 миллион теңге несие алып, кәсібін кеңейтті. Оған қоса жас кәсіпкерлерді қолдау аясындағы бағдарлама шеңберінде 2 жас кәсіпкер 1 миллион теңге мемлекеттік грант жеңіп алып, біреу ет бағытындағы мүйізді ірі қара малын өсіруге, екіншісі тігін шеберханасын ашуға жұмыс істеуде.
Көркейту, көгалдандыру үшін бюджеттен тал егу және ауыл тазалығына 668 мың теңге және көшпелі құмды тоқтату мақсатында сексеуіл егуге 2,5 миллион теңге бөлініп, жасыл белдеу орнатылды.
Ауылдағы №134 орта мектепте 99 бала білім алуда. Мектеп жанында 40 орындық интернат, “Балбөбек” шағын орталығы жұмыс істеп тұр.
Телефон байланысы тұрақты жұмыс істеп, отандық “Отау” спутниктік телеарналар жүйесін тұрғындар толық пайдаланып отыр. Жылжымалы пошта қызметі арқылы зейнетақы және газет-журнал, жәрдемақы тасымалдау жолға қойылған.
Ауыл әкімінің есебі тыңдалғаннан кейін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданның 2019 жылғы жеткен жетістіктері мен атқарылған жұмыстарына тоқталып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ