Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Терроризм туралы жалған ақпаратты кімдер таратады?

Терроризм туралы жалған ақпаратты кімдер таратады?

Бұл туралы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл дапартаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев дәстүрлі брифинг барысында айтты.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама – бұл қоғамдық тәртіпке кері әсер ететін қауіпті қылмыстардың бірі. Осы қылмыстың қоғамға қауіптілігі соншалық, мұндай хабарлама түскен жағдайда адамдардың арасында үрей мен қорқыныш пайда болады. Ал мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысына едәуір кедергі келтіреді, - деді ол.

Разуев айтқандай, мұндай қоңырауларды адамдар еріккеннен, әзіл ретінде немесе мас күйде жасайды.
Себептері де әртүрлі, олар – кек алу, бұзақылық, мекеменің жұмысына кедергі келтіру, мектептегі сабақты болдырмау, құқық қорғау органдарының жұмысын тексеру. Кәмелетке толмағандар мұндай қылмысқа не үшін барады? Олар достарының арасында өзін батыр екенін көрсеткісі келеді, кейде үй тапсырмасын орындамағандықтан сабаққа қатыспау үшін осылай істейді, - деді ол.

Дархан Разуев статистиканы да мысалға келтірді.
Мысалы, статистикаға сәйкес жалған хабарламалар бергені үшін сотталғандардың 48-ден 55 пайызға дейіні қылмыс жасаған сәтте қатты мас болған. «Жалған террористің» әлеуметтік портретіне келетін болсам, барлық қылмыстың 88 пайызын жұмыссыздар жасаған, тек 9 пайызын жұмыс істейтін азаматтар жасаған, ал 3 пайызы – ол оқушылар, - деді ол.

Разуевтың айтуынша, «әзілқойлардың» орташа жасы – 30 бен 49 жас арасы, олар жыл сайын осы санаттағы қылмыстың 55 пайызын жасаған.
Бірақ қаскөйлердің арасында 18 бен 29 жас аралығында жастар да кездеседі, олар 27 пайызды құрайды. Жалған хабарлама беру тәсілдері санаулы. Мысалы, олардың 85 пайызға жуығы мобильді телефон арқылы хабарланған, - деді ол.

#Терроризм # жалған ақпарат
20 қыркүйек 2021 ж. 314 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 48

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 60

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031