Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күмістің денсаулыққа дауасы

Күмістің денсаулыққа дауасы

Кейінгі кезде күмістің адам денсаулығына тигізетін әсері жөнінде жиі айтылып жүр. Бұл тектен-тек емес. Күмістің расында ағзаға шипасы мол. Адамдар бағзы заманнан қолданып келе жатқан күміс тұрмыстың барлық салаларында пайдаланылады. Одан ақша, әшекей бұйымдар, ыдыстар жасайды. Қысқасы, күміс – өте ерекше металл. Оның сирек кездесетін бірегей қасиеттері бар.

Аурудың алдын алады
Күміс әшекей тек сәндік бұйымның ғана емес, жүйке жүйесінің теңдігін сақтайтын, күдік-күмәннан, тітіркенуден, тынышсыздықтан қорғайтын емдік тұмардың да қызметін атқарады деседі. Мойынға тағылған алқадағы немесе «шылдыр шүмекке» тағылған жүзік құрамындағы күміс қан қысымын түсіреді. Егер жүзікті сұқ саусаққа тақса, ол ішектердің жұмысын жақсартады, әжімдердің жоғалуына әсер етеді. Оны шынашаққа тақса, жүректі түрлі аурулардан қорғайды деген түсінік бар.
Күмістің мынадай да ерекшелігі бар. Егер құрамында мыс бар күміске тер, ылғал тисе, тағы да басқадай сыртқы жайлар әсер етсе, ол тотығып, қараяды. Ал таза күміс өз құрамындағы күміс сульфидінің әсерімен ғана қараюы мүмкін. Бауырда, бүйректе кінәрат болса да күміс қараяды. Азоттық заттар бөлінген жағдайда күміс керісінше, жарқырап, ағара түседі. Қысқасы, күміс әдемі әшекей бұйым ғана емес, иесін қорғайтын тұмар, диагноз қоюшы, тіпті емші де бола алады. Тағы бір деректе күмістің иммунитетті нығайтып, микробтан тазартатындығы, жүректің қызметін жақсартып, қан қысымын төмендететіндігі жазылады. Ісіктің жойылуына көмектеседі, сондай-ақ оны тері аурулары бар адам тағып жүрсе көп көмегі тиеді. Медицинада қолданылатын кейбір құралдардың құрамына күміс қосылған.
Қазақтың ұғымында күміс тазалықтың, адалдықтың белгісі. Тек әшекей бұйым ғана емес, тұрмыс заттары, жиһаз, ер-тұрман да күміспен күптелген. Қазіргі кезде де әрбір үйде күмістен жасалған бұйым бар. Кішкентай сәбиді қырқынан шығарарда дені сау болсын деген ниетпен күміс салынған суға шомылдырады. Күміс сырға тағу бас ауруын азайтса, одан жасалынған білезіктер жүйке ауруын емдейді. Күміс әшекей тағу шаштың өсуін тездетеді. Оны қуық ауруына, ашыққанда және ішек қабынуына қарсы қолданылады. Ол денсаулық индикаторы, яғни тағып жүрген бұйымыңыз қарайса дәрігерге жүгіну уақыты келді деген сөз.

Қандай күтім қажет
Уақыт өте күмістің неліктен қарайып кететіндігін және оны қалай тазалауға болатындығын сұрағанымызда қазалылық зергер Берік Бақытжан бірнеше тәсілімен бөлісті.
– Күміске су, иісмай, тамақ, кір жуғыш құралдар тигенде, кейде сөреде жатып-ақ өзінен-өзі күңгірттеніп кетеді. Оны тазалаудың бірнеше тәсілі бар. Біріншісі, зергерлік дүкендерден алынған арнайы күміс тазартқыш құрал. 1 стақан суға 1 шай қасық мүсәтір, 1-2 тамшы сұйық сабын және сутегі тотығын тамызыңыз да, әбден араластырып болған соң күмісті соған 15-20 минутқа салып қойыңыз. Ағарғаннан кейін шүберекпен сүртесіз. Сондай-ақ картоптан пюре жасайтын болсаңыз, суын стақанға құйып алып, суығаннан кейін күмісті салсаңыз да болады. Кәдімгі киізге де үйкелеп, тазарта аласыз. Алайда қатты ысқылап, бұйымды бүлдіріп алмауды ескеріңіз, – дейді.
Зергердің айтуынша, ең оңайы кәдімгі тіс пастасымен немесе ас содасымен ысқылап, кейін сумен шайып жіберсеңіз, жарқырап шыға келеді.

Салт-жоралғылық орны жоғары
Адам денсаулығына айтарлықтай әсер ететін күмістің салт-жоралғыларда да алар орны ерекше. Қазақта «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы» деген нақыл сөз бар. Бұл сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық та қызмет атқаратынын аңғартады.
– Күмістен жасалған бұйымдардың тағылуында да терең мағына жатыр. Құстұмсық жүзікті бойжеткен қыздар таққан, бұл жүзік – бақыттың, тәуелсіздіктің, құс тәрізді еркіндіктің белгісі. Дәстүр бойынша ұзатылып бара жатқан қызының қолындағы құстұмсық жүзікті анасы шешіп алып, қыз жасауымен бірге орамалға түйіп, сандығына салып жіберетін болған. Жүзік қыз жағдайының хабаршысы ретінде кейін қайтып келуі керек. Сондықтан қыздың төркін жағынан оның хал-жағдайын білуге барған інілері осы құстұмсық жүзікті қайтып әкелсе, қыздың анасы қатты қуанып, құдағайым қызыма өз қызындай қарайды екен деп, ауыл арасына кішігірім той жасаған. Яғни, біздің түсінігімізде сәндік бұйым болып есептелетін жүзіктердің мағыналы мақсаты болатындығын ата-бабалар ұстанған осы салттан аңғаруға болады, – дейді Алмажан әже.
Қазақ тұрмысындағы құдағиларға ұсынылатын құдағи жүзік – үлкен сый-құрметтің нышаны. Ол басқа жүзіктерге ұқсамайды. Екі саусаққа қатар киілетін екі шеңберден тұратын жүзік үстіңгі беті біртұтас болып келетін ұлттық өнердегі бірегей дүние. Ерекшелігі жас жұбайлардың жұбы жазылмасын, екеуі бірігіп тату отбасы болсын дегенді меңзейді. Құдағи жүзік – адамдар арасындағы сыйластықтың, бір-біріне көрсетілген ілтипаттың, құрметтің көрінісі. Ал, мұсылман дінінде ер адамдар күміс сақинаны Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) жолы деп тағатын болған. Өйткені оның ер адамдарға алтын емес, күміс жүзік салыңдар деген уәжі болған.

Күш-қуат береді
Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Мамандардың айтуынша, күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды қуып шығады. Тіпті, ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Аталған микроэлементке қаныққан ағза сирек ауырады, тәбеті де жақсы болады. Тарихшылар ертедегі вавилондықтар мен гректер күмістің залалсыздандыратын қасиетін ескеріп, патшалары пайдаланатын ауызсуды күміс ыдыстарда сақтағанын жазады. Бұны археологтардың қазбаларынан да кездестіре аламыз. Әйгілі Геродоттың жазбаларында да парсы патшасының суды күміс ыдыста сақтағаны көрсетілген.
Деректерге көз жүгірту барысында шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдегенін білдік. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының рак ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. «Менің қарамағымда созылмалы сүйек инфекциясына шалдығып, жарасында рак ісігі пайда болған науқас емделді. Ол сүйекті кесіп тастаудан бас тартты және менен күміс иондарымен емдеуді өтінді. Мен оның жарасын күмісті қолдану тәсілімен емдедім. Үш айдан соң аурудың беті бері қарады. Рак жасушалары қалыпқа түсті. Кейін сол адамды сегіз жылдан соң кездестіргенімде ол өзін өте жақсы сезінетіндігін айтты», – деп жазыпты дәрігер Роберт Бекер.
P.S:Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы – күміс екендігін айтады. Бүгінгі таңда медицинада жаңалықтар өте көп. Дегенмен ата-бабадан қалған асыл-мұраны жаңғыртып, жалғастырудың да пайдасы зор екендігін ұрпақ ұмытпағай.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

30 тамыз 2022 ж. 1 258 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031