Алтын мен күмісті бірге тақпаңыз

Деректерге сүйенсек, күміс пен алтынның қосындысы ағзаның имунитетін әлсіретеді. Алтын және күміс әшекейлерді бірге тақсаңыз, ауру қаупі жоғарылай түседі. Күміс иммунитетті көтереді, алайда алтын оны кері жұмыс істеуге итермелейді. Бұл қос металды әсіресе көктем мен күз айларында, яғни вирусты аурулар таралымы көбейетін кезіңде тақпауға тырысыңыз. Оларды бірге пайдаланған нәзікжандылар әлсіздікке шалдығады. Екі қарама-қарсы энергетикалық күштің қосындысы адам бойындағы физикалық және эмоционалды шыдамдылықтың жоғалуына алып келеді. Әр адамдағы көзге көрінбейтін энергетикалық қабат уақыт өте әлсіреуі немесе күштірек болуы мүмкін. Алтын мен күмістің бірге жүруі дәл осы қорғаныстың өз жұмысын тоқтатуына әсер етеді. Сондықтан екі металдың байланысы өте қауіпті.
– Алтын – жұмсақ металл. Физикалық қасиеті жағынан күміске кереғар екені белгілі. Күміс пен алтынды тағудың ең көзге көрінер қаупі – алтынның тез мүжілуі. Мойныңызға екі бірдей күміс не алтын алқа тақсаңыз, күміс мықты болғандықтан, алтынды мүжіп, жұқартып жібереді. Әртүрлі металдан жасалған бұйымдарды таққыңыз келсе, олар денеңізде бір-біріне тимеуі тиіс. Себебі бұл жүйке жүйесінің қысымына алып келеді. Алтын бұйымдар динамикалық энергетикалық құрылымға ие. Ал күміс бұйымдар қолайлы әрі біркелкі болады. Осындай кереғарлықтан кейін де металдардың позитивті құрылымы теріс құрылымға айналып кетуі де ғажап емес, – дейді қазалылық қолөнерші Зибагүл Жолымбетова.
Мамандардың айтуынша, егер адам бір-біріне сәйкес емес металлды бірге тақса, жүйке жүйесіне кері әсер етіп, ашуға бой алдырады екен. Алтын мен күміс арасындағы кереғарлық айналаңыздағыларға да ықпалын тигізеді. Соның әсерінен жаныңыздағы адамдар өздерін жайсыз сезінеді. Аталған қос металды бірге тағып жүру адам ағзасын қорғап тұратын биоөрістің қалыптылығын әлсіретеді, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан да мамандар да, сәнқойлар да оларды екі бөлек қолдануға кеңес береді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА