Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы шектеу дұрыс па?

Баланы шектеу дұрыс па?

Балаға тәрбие беру әр отбасында түрлі сипатқа ие. Бірі балаларын ешнәрседен шектемей өсіруді құп көрсе, ал кейбіреуі балаға тыйым салуды қалыпты қағида деп санайды. Әрбір отбасының жазылмаған заңы мен ұстанымдары бар делік, дегенмен балаға үздіксіз тыйым салып, оны сызылған шеңбер ішінде ұстау қаншалықты дұрыс? Олай болса, көпшіліктің талқысында жүрген толғамды ойдың түйінін тарқаталық.
Жалпы балаға тыйым салу оның 3 жасқа толуынан басталатын үдеріс. Ата-ана үшін баланы қалаған нәрсесінен шектеп, ойындағысын жасатпау қалыпты жағдай болып көрінуі мүмкін. Ата-аналар тыйым не шектеу қою міндетіне тап болғанда оны дұрыс жасаудың формалары мен бұзылған тыйымның салдары неге әкеп соқтырарын ескеруі қажет. Әр отбасында тыйымдар түрлі көрініс табуы мүмкін, бірақ баланы тәрбиелеуде оның дамуына тосқауыл болмай, оған қандай істе тыйым салмау қажеттігін түсіну маңызды. Дегенмен бұл балаға мүлдем тыйым салуға болмайды дегенді білдірмейді. Бұл пікірді психолог мамандардың өздері де растайды. Бұл турасында психолог маман Данира Елтайқызы былай деген еді.
– Балаға мүлдем тыйым салуға болмайды деген сыңаржақ пікірлерді жиі естіп жүрміз. Бірақ бұл қате пікір. Оларды кей нәрселерден шектеген дұрысырақ. Мұндай шектеу баланың тәжірибесіздіктен өзіне зиян тигізбеуі үшін қажет. Бұл баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тыйымдарға қатысты. Оған өзінің және басқалардың кеңістігін, қоғамдағы мінез-құлықтың негізгі нормаларын ажырату туралы түсінік беру бірдей маңызды. Бірақ баланың болашақта өз іс-әрекеттерінен қорықпауы үшін мұндай шектеулерді дұрыс қоя білу керек, – дейді ол.
Бүгінде көптеген ата-ана балаларын қалыптасқан қазақы менталитеттен алыс тәрбиелеп жатқаны жасырын емес. Олар қазақ танымындағы «Олай жасама, ұят болады!», «Бұлай істеме!» деген сынды шектен тыс тыйымдар баланың еркіндігіне тұсау болады деп санайды. Тіпті олардың мүмкіндігі мен қабілетінің толық ашылмауына себеп болып, мінезінде жасықтықты қалыптастырып жатыр деп есептейді. Солардың қатарында Салтанат Қазиқызы да бар.
– Меніңше, баланы қалаған дүниесінен шектеу дұрыс емес. Өз басым балаларымның еркін болып өскенін қалаймын. Кезінде ата-анам мені көп нәрседен шектеді. Анау болмайды, мынау болмайды деген түсінік ескіліктің қалдығы сияқты болып көрінеді. Соның салдары өмірлік жағдайларда өзімді ортадан алып шығуға кедергі болды. Сол себепті менің түсінігімде бала шектеусіз өсуі қажет. Шектен тыс тыйым салу олардың психологиясына да кері әсер етуі мүмкін. Шамадан тыс шектеуге тап болатын балалардың тұйық болып өсетіні тағы бар. Сондықтан енді қалыптасып келе жатқан баланың қиялына тосқауыл болмай, керісінше оған қолдау көрсету керек секілді. Көбіне ата-аналар баласының қауіпсіздігін ойлағандықтан оларды көп нәрселерден шектеп жатады. Тіпті олар бақылау мен шектеу деген екі ұғымды алмастырып алып жатқандай. Ата-аналар баланы сырттан келетін жағымсыз факторлардан қорғаудың кілті – шектеу емес екендігін ұғынғаны жөн. Баланың іс-әрекетін бақылап, оның жаман әдеттерге ұрынбауын қадағалау бір басқа, ал бақылауды шектеумен шатастырып, тыйым салу мүлдем басқа нәрсе екендігін ескеруі керек, – дейді Салтанат.
Балаға тыйым қажет-ақ, бірақ оның да белгілі бір шегі болуы тиіс. Оларға дегенін жасатып, бос қоя беру де құптарлық іс емес. Ал оларды кез келген нәрседен шектеп, тыйым сала берудің соңы да баланың ортадан алыстауына апарады. Сондықтан ел ертеңіне айналар тұлғаны тәрбиелеуде тепе-теңдік теориясын ұстанған абзал.

Арайлым ЖҮСІПОВА
30 тамыз 2022 ж. 932 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930